В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
tata15711
tata15711
16.06.2021 23:24 •  Қазақ тiлi

На тему"менің сүйікті кейіпкерім"сочинение нужно, !

Показать ответ
Ответ:
Нікіта1111
Нікіта1111
06.10.2020 03:01
Кітап қай кезде де а ң айнымас досы, мызғымас тірегі, таусылмас ақылшысы. Мен үнемі «Кітап — өмір азығы» деген мақалды есімнен шығармай, өз ұранымдай жадыма тоқып жүремін. Достарыма да мұны айтудан жалыққан емеспін. Қолым қалт етсе кітап оқып, сол кітап кейіпкерлерімен мұңдасып, сырласып, өзгеше бір әлемде жүргендей ерекше бір күйге түсем.

Мен үшін барлық кітап қызықты, әрбір кейіпкер ұнамды. Бірақ солардың ішінде өзім ерекше қадір тұтатын, қастерлеп, үлгі ететін бір кейіпкерім бар. Құпия емес, сондықтан сіздермен бөлісе отырайын. Ол — Тайлан батыр. Кәдімгі еліміздің қайсар ұлдарының, қарымды жазушыларының бірі Әбіш Кекілбаев қаламынан туған «Үркер» романындағы қазақтың дара хандарының бірі Әбілқайыр ханның досы.

Көкейлеріңізде «Не үшін ұнайды екен?» деген сауал тұрған шығар, әрине, бұл орынды сұрақ. Себебін де айта отырайын, маған Тайлан батыр өз ұстамдылығымен, ақылды, парасаттылығымен, қайсар, ер жүректілігімен ұнамды. Қандай болмасын, қысылтаяң шақта өзіне ғана тән ерекшелігімен ақыл-айла тауып, елі үшін, жері үшін басын бәйгеге, бағын таласқа тігіп, ұрандатып жауға шапқан батыр, асқар тау әкесінен, аяулы жарынан, сүйкімді ұлынан айрылса да, өмірден баз кешіп түңілмей, керісінше, жігерленіп, досына тіреніш болып, жауға ел намысын, ұлт ұятын бермей жалғыз өзі бір бүйірден ұрандай тиіп, апшыларын қуырады. Міне, бұл нағыз ерлердің ісі. Бойында қазақ қаны бар ер жігітті жігерлендіретін іс. Міне, сол үшін де маған Тайлан батыр ұнамды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота