В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
TayniDzho
TayniDzho
14.04.2020 12:10 •  Қазақ тiлi

Написать эссе на казахском 6-7предложений о герое Великой Отечественной войны Бауыржане Момышулы. (Без переводчика

Показать ответ
Ответ:
anastasiasestak
anastasiasestak
14.10.2020 09:18

Бауыржан Момышұлы Отансүйгіштік сезім Отанға, туған жеріңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Ұлтыңды құрмет тұту, тарихтан, ана тілден ажырамау – бұл жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидалар. Анығы, ұлтыңды сүюге тәрбиелеуі керек. Жалпы, ұлттың мақтан тұтар дүниесі – кімге болса да бұлжымайтын әрі қасиетті заң болуы тиіс. Ұлттық мақтаныш – ұлтшылдық пен шовинизмге қайшы: салт-дәстүр мен тілді сақтап, рухани даму және қоғамды жаңғыртуға, сонымен қатар, тәуелсіздікке қол сұғушылар мен басқа этникалық топтарды қорлауға тыйым салады. Патриотизм дегенде ең әуелі батыр Бауыржан Момышұлы еске түседі. 1943 жылы жарақат алған даңқты қолбасшы оңалту кезінде Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаевтың бастамасы бойынша Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенциясымен бірқатар кездесу өткізеді. Бір апта бойы Б.Момышұлы соғыстағы адам психологиясы жайлы лекция оқыды, бұл 1990 жылы шыққан «Психология соғысы» кітабының негізіне айналды. Туындыда патриотизмге терең әрі жан-жақты анықтама берілген. «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тəуелді екеніңді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен жəне болашағымен қарым қатынасын біріктіреді», – десе, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз», – деген болатын. Шынымен де, патриоттық тәрбиенің орны ерекше. Мұның ішінде әскери патриотизм тәрбиесі жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, Отан қорғауға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Жалпы, патриотизм ананың сүтімен бірге қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл ел мен жерге, тіл мен мәдениетке сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық құндылықтарға ұлықтауға бастайды. Бұл ретте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде – бір ұлтпен қарама – қайшылық туғызбау» деген ойы көңілге еріксіз оралады. Десе де, патриотизм өздігінен қалыптаспайды. Отансүйгіштік атты асыл қасиет бірқатар дүниені танумен пайда болады. Ең әуелі төл тарихты, екінші, ана тілін білу маңызды. Үшінші, бабадан балаға жалғасқан салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты білмек керек. Төртінші, тарихтан сабақ алып, тағылымын сақтау, дамыту. Бесінші, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру. Бұл ретте, «Отанды сүю отбасынан басталады» демекші, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор екенін айтпай кетуге болмас. «Еліңді сүйсең ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» т.б. мақал- мәтелдер сөзімізге анық дәлел. Мектеп қабырғасындағы патриоттық сезім Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеуден көрінеді. Әр оқушының еліне деген патриоттық рухты қалыптастыру үшін аға ұрпақтың Отан үшін жасаған ерлік, батырлық істерін жете түсіндіру – ұстаздың міндеті. Ерлігі мен өрлігі ел аузында қалып, өшпес ерлігімен аңыз болған ұлттың батыр ұлдары Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсеновтердің ерлік істері өскелең ұрпақты патриоттық сезімге баулитыны сөзсіз. Патриотизм кіндік қаны тамған жерге деген құштарлықты,перзенттік махаббатты да білдіреді. Былайша айтқанда, ұлт патриоты білімі жоғары, көп білуге құштар, білімі мен білігін ең алдымен өзіне, содан кейін әке-шеше, отбасы, туыс-бауырларына, елі-жері жұртының игілігіне жұмсайтын ізденімпаз заманауи тұлға

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота