В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Thevalk3
Thevalk3
01.10.2021 14:39 •  Қазақ тiлi

Написать эссе на тему қазақстан қорықтары на 60 слов.

Показать ответ
Ответ:
тапочек6
тапочек6
11.09.2020 06:50

Қазақстан қорықтары.

Еліміздегі қорықтар жайлы айтпас бұрын алдымен «қорық» сөзіне анықтама беріп көрейік. Сөздікке сүйенер болсақ, «қорық дегеніміз – толығымен пайдаланудан алынып, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл жиынтығымен қоса, осы қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ». Қорықтардың басты мақсаты мен міндеті – осы қорық аумағында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін осы қалпында сақтап, табиғи құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, жойылып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру. Қорықтарда серуендеуге тыйым салынған, бұл - ғылыми әрі мемлекеттік маңызы бар мекеме.

Қазақстан Республикасының аумағында он қорық бар.

1. Ақсу-Жабағылы қорығы – еліміздің аумағында  1926 жылы ең алғаш болып ашылған қорық. Бұл қорық Түркістан облысы және Жамбыл облысында орналасқан.

2. Наурызым қорығы 1931 жылы Қостанай облысының аумағында құрылған.

3. Алматы қорығы – бұл қорық та 1931 жылы Алматы облысында құрылған болатын. Жер көлемі 71700 га.

4. Барсакелмес қорығы Қызылорда облысында 1939 жылы ашылған.

5. Қорғалжың қорығы 1968 жылы Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында ашылған болатын.

6. Марқакөл қорығы – еліміздің шығысында орналасқан қорық. Құрылған жылы – 1976 жыл.

7. Үстірт қорығы – еліміздің батысында, атап айтқанда Маңғыстау облысында орналасқан. 1984 жылы ашылған.

8. Батыс Алтай қорығы - 1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы аумағында құрылған қорық.

9. Алакөл қорығы – Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан 1998 жылы ашылған қорық.

10. Қаратау қорығы – Қазақстандағы ең «жас» қорық саналады. Құрылған жылы – 2004 жыл, Түркістан облысында орналасқан.  

Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады.  Дегенмен мамандардың айтуынша бұл Қазақстанның ұлан байтақ территориясына жеткіліксіз, сондықтан болашақта тағы 15 қорық құру жоспары бар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота