В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Marinaaa01
Marinaaa01
15.07.2021 19:52 •  Қазақ тiлi

Написать небольшой рассказ на тему "жазу"

Показать ответ
Ответ:
ЧайСПеченькой08
ЧайСПеченькой08
01.10.2020 14:21
Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы Ж. пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.

Толығырақ... Алғашқы қоғамда ежелгі адамдар жартастарға, ағштарға, тастарға аңшылықтың , адамдардың кескіндерін бейнелеген.Мұндай суретті хаттарды ғалымдар пиктография деп атайды.Уақыт өте келе, суреттер сөз мағынасын білдірген түрлі белгілермен ауысты.Бірте-бірте ойлаудың дамуы символдардың артына сөз жасыруға алып келді.Осылайша жазу пайда болды. Ежелгі Египетте пиктографиялық суреттер сына жазуымен ауыстырылды.Египеттіктер жазу үшін ұғым ғана емес, дыбысты та білдіретін белгілерді пайдаланғандардың алғашқысы болды. Египеттіктерден бөлек, белгі-иероглифтерді қытайлықтар,олардан кейін , жапондар мен корейлер пайдалана бастады. Бірте-бірте жылдам жазу үшін, иероглифтер жеңілдетіліп, дыбыстар мен буындарды білдіретін белгілерге айнала бастады. Мұндай жазуды ертеректе шумерлер мен өзге халықтар да пайдаланды.Финикиялықтар буындарды білдіретін белгілерден бас тартып, жазу кезінде тек әріптерді ғана пайдаланды.Финикиялық жазу еуропалық халықтардың барлығының арғы тегі болған грек алфавитінің бастамасы болды. Ежелгі римдіктер де өз әліпбиіне латын жазуы гректікінен өзгеше болғанымен, грек жазбасын пайдаланды.Латынның әріптік жазуын Батыс еуропаның көп халқы сақтап қалды.Шығыс Еуропада негізінде грек алфавиті жатқан жазудың өзге үлгісі пайда болды.Алғаш болып Кирилл мен Мефодийдің жазу түрі пайда болды.Одан соң оның жетілдірген нұсқасы, әріптерді жазу формасымен ерекшеленетін кириллица шықты.Бұл әліпби оңтүстік, шығыс және батыс славяндарына таралды.1708 ж.Ресей императоры І Петрдің жарлығымен кириллица өзгеріске түсті.Оның жаңа нұсқасы орыс және украин әліпбилерінің негізінде қалған азаматтық қаріп атауын алды. Иероглифтер бізге қанша қиын көрінгенімен, көптеген азиялық халықтар оны пайдалануын доғарар емес. Ережеге сәйкес,иероглифтер әріптер емес, кана ұғымын білдіреді. Мысалы, Қытайда белгілердің жалпы саны 50мыңға жеткенімен, заманауи тілінде оның 4-7 мыңы қолданылады.Ертеден Қытайдағы, Жапониядағы , Кореядағы иероглиф жазуы жоғарыдан төмен қарай бағытталса, қазір көбінесе, солдан оңға қарай жазады. Қосымша... Ою-өрнекті есіңе салатын айқыш-ұйқыш араб жазуы латын және кирилл әліпбилермен ортақ түбірден тарайды дегенге сену қиын.Алайда, араб қарпінің де арғы тегі финикий жазуы болған.Араб әліпбиі 28 әріптен және түрлі қатар үсті, қатар асты белгілерден тұрады.Мәтін оңнан солға қарай оқылады.

Адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді:

Пиктографиялық жазуИдеографиялық жазуБуын жазуындаДыбыстық жазу
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота