В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Laurka11
Laurka11
03.08.2021 05:13 •  Қазақ тiлi

Написать письмо другу о Павлодаре о достопримечательностях Павлодара на казахском языке 80 слов СОЧ​

Показать ответ
Ответ:
natalyater1
natalyater1
09.05.2021 02:11

ответ:       Тақырып:Париж

Құрметті досым!

Сәлем,Ажар!Қалайсың?Париж қандай екен?Әдемі ме?Менің арманым Парижге бару еді.Бірақ келесі жолы екеуіміз бірге барармызСен тұрып жатқан үйден Эйфель мұнарасын көруге бола ма?Көрей алсаң,немесе барып көрсең маған фотосың жіберші.Менің де барып,көргім келеді.Бәрінің арманы сол.Парижге бару арманың орындалды,құрметті досым!Сен француз тілін білмейсің ғой?Немесе ол жерде ағылшын тілімен жүрсің бе?Әлде аударушы бар ма қасында?Солай болса жақсы болар еді.Өзіңді күт,абайла.Ешкімнен қорықпа.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Stepancherk
Stepancherk
06.11.2020 07:10

бәрімізді мазалайды деп ойлайын. Кейбіреулері оның жауабын тапқан шығар, ал кейбірі әлі таба алмай жүрген болар? Кейде а өзі қалаған мамандығына қол жеткізе алмай да жатады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты, жұмысына сіңімді болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Бұл әлемде мені қызықтырған бір мамандық бар еді. Ол - мал дәрігері. Менің атам атақты мал дәрігері болған. Ел игілігі үшін жұмыс жасап, халқынан үнемі алғыс алған. Көптеген дәрежелерге қол жеткізген.

Бірде менің мектепке бармаған бір кезімде үйге үлкен апайым, үлкен ағаларым жиналды. Өз араларында атамды әңгімеледі. Менің түсінгенім, атам мезгілінен қалдырмай малдарды кәдімгі адамдарды еккендей егіп отырады екен және көрші атаның ауырып тұрған жылқысын, тағы бір әжейдің сиырын емдеп жазыпты. Міне, қызық! Адам болса бір сәрі, сөйлейтін тілі бар, қай жері ауырып тұрғанын айта алады, ал жылқы мен сиырдың қай жері ауырып тұрғанын қайдан білді? Мен аң - таң болдым. Сол кезде менің көз алдыма ертегідегі жылқы мен сиыр елестеді. Олар менің атама келіп, кәдімгі адамдарша тіл қатып, қалай ауырып тұрғандарын айтып тұрғандай болды. Сол кезде мен мал дәрігері болам деп шештім. Себебі, менің балалық санамда мал дәрігерлік оқуда барлық жан - жануарлардың тілін үйретеді деген ой қалыптасып қалды. Өсе келе олай емес екенін, яғни малдың, жан - жануарлардың тілін түсіну үшін жануарлар әлеміне ену керек екенін, оларды зерттеу керек екендігін түсіндім.

Қазір мен төртінші сыныпты аяқтап қалдым. Ақыл - ойым, санам бұрынғыдан өсті деп білемін. Мен енді балалар дәрігері болуды армандаймын. Бұл мамандықты таңдау себебім: мен денсаулығыма байланысты дәрігерге көп қараламын. Әр кез балалар дәрігерлерінің маған мейірімділікпен қарап, жылы сөйлегендері менің ауырғанымды ұмыттырады. Олардың күлімсірей қарағандары да өз мамандықтарына үйлеседі. Мен дүниеде аналардан кейінгі мейірімді жандар - балалар дәрігерлері деп білемін. Және де қазіргі таңда дәрігерлік мамандық ең қиын болғанымен, ең жақсы мамандықтың бірі. Сондықтан да мен балалар дәрігері болуды біраздан бері армандап жүрмін. Денсаулығы төмендеген балаларды емдеп жазсам, олардың өмірге деген құлшынысын арттырсам менен бақытты адам болмас деп ойлаймын. Білімді, мейірімді дәрігер болып, емделушілердің ризашылығына ие болу және дәрігерлік мамандықтың дәрежесін көтеру – ата - анамның да арманы.

Әр адам өзі қалаған мамандығының иесі болуы үшін кішкентай кезінен соны санасына сіңіріп, соған қарай бейімделуі керек. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. А мамандық таңдауда қателеспегені дұрыс. Осы сөзді мен қазірден бастап есіме сақтаймын. Дәрігерлік оңай мамандық емес. Оның артында адамның өмірі тұр. Мен дәрігер болу үшін сабағымды үздік оқып, жоғарғы оқу орнына түсуім керек. Одан соң мол тәжірибе жинақтап, аянбай еңбек етемін. Өз ойымды іске асыру үшін қазірден бастап талпынудамын. Болашақта адам дәрігері болсам да, мал дәрігері болсам да үлкен жауапкершілікпен атқаратын боламын.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, бірақ өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Балалар, мамандық таңдауда жаңылмай, болашақта өз өміріміздің бір кірпіші болып қаланайық.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота