В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Юлия20122003
Юлия20122003
28.05.2022 00:36 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение на тему наурыз на казахском

Показать ответ
Ответ:
esenjel
esenjel
01.10.2020 18:04
Наурыз жауһаз сырлары Наурыз - көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқында ерекше құрметтейді. Қыстың ауыртпалығына мойымай шыққан адамдар мен жан-жануарлар арқаларын кеңге салды. Көктемнің жұпардай аңқыған ауасымен  тыныс алып, кеуделерін зор қуаныш кернейтін еді.Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Иә, барлық адамдардың да, жануарлардың да сағына күткен көктемгі мейірімді де, қуанышты жылы күндері де жетті.           Наурыз сөзі парсы тілінің нау - «жаңа»,  руз - «күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Мейрам күні үлкен-кіші сәнді киініп, бір-бірлеріне қонаққа барады, бір-бірін кешіріп, жақсы тілектер айтады. Наурыз күні Наурыз көже пісіріледі. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалу тиіс. Өмір сүру үшін  маңызды белгіні: су, ет, май, ұн, тұз, дәндер және сүтті білдіреді. Қазақтар үшін жеті саны қасиетті сандардың бірі. Бұл күні барлық адамдар өнерлерін ортаға салады. Дәстүр бойынша наурызда айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мерекеде жастар алтыбақан тебеді, сонымен қатар ауылдық жерлерде ұлттық ойындар ойнайды, ақ сақалды аталар ақ бата береді. Көңілді өткен Наурыз мерекесі әр адамның есінде көпке дейін сақталады.     «Бұлақ көрсең көзін аш»- деп адамдар айналадағы бұлақтардың көзін ашады. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең,он тал ек»- деп жастар бұлақ басына тал егеді.       Әз-Наурыз - барша халықтың асыл мұрасы. Наурыз күнінің мәні халықтың қайырымдылықты, мейірімділікті,еңбекті ерекше бағалауында, шаруашылықты қастерлеуінде жатыр. Оны әрқашан келер ұрпаққа дәріптеп отырған абзал. Барша ұлттардың басын қосып, татулыққа, әдептілікке, тәрбиелікке, сыпайлық пен достыққа үйрету қажет.    
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота