Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
Парсы, тәжік жұртынан бастау алған наурыз, Тұрақ тауып Тұранда қоштау алған наурыз. Сақ, үйсіндік заманнан ата дәстүр наурыз, Көп көшпенді тайпамен аталас кіл наурыз.
Қызырға да, Баққа да есік ашқан наурыз, Жеті жұттан құтылтар несіп ашқан наурыз. Қыс қаһарын қайтарып, жуасытқан наурыз, Қырда да ойда қар еріп су асыққан наурыз.
Күңгейлерде бусанып жуа шыққан наурыз, Жауқазыны, қар гүлі қуа шыққан наурыз. Күнді ұзартып нар адым жай бастырған наурыз, Жанға жылу шуақты жайғастырған наурыз.
Қораларда қозы, лақ маңыратқан наурыз, Жарысын деп уызға жамыратқан наурыз. Диқандарға соқасын сайлаттырған наурыз, Сапа, санын тұқымның ойлаттырған наурыз.
Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
Тұрақ тауып Тұранда қоштау алған наурыз.
Сақ, үйсіндік заманнан ата дәстүр наурыз,
Көп көшпенді тайпамен аталас кіл наурыз.
Қызырға да, Баққа да есік ашқан наурыз,
Жеті жұттан құтылтар несіп ашқан наурыз.
Қыс қаһарын қайтарып, жуасытқан наурыз,
Қырда да ойда қар еріп су асыққан наурыз.
Күңгейлерде бусанып жуа шыққан наурыз,
Жауқазыны, қар гүлі қуа шыққан наурыз.
Күнді ұзартып нар адым жай бастырған наурыз,
Жанға жылу шуақты жайғастырған наурыз.
Қораларда қозы, лақ маңыратқан наурыз,
Жарысын деп уызға жамыратқан наурыз.
Диқандарға соқасын сайлаттырған наурыз,
Сапа, санын тұқымның ойлаттырған наурыз.