Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер пайда болғанға дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпеділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Сондай-ақ, бұл күні шығыс елдері екі арадағы кез-келген соғысты тоқтатқан. Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған.
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. XI ғасырдың өзінде ұлы ғалым әрі ақын Омар Хайям жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың толық циклды аяқтағаннан кейін, өзінің бастапқы жүру нүктесіне келіп, жаңа жолды – шеңберді қайта бастайтын байқады.
Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деп аударылады. Түркі халықтары, заманауи қазақтардың ата-бабалары Наурыз мейрамында ақ киімдерін киіп, шаштарын қырып, алып тастайтын. Бұл күні тұрғындар бұлақ, бастау, су қоймасы мен құдықтардың бетін ашып, тазартады. Сондай-ақ, мейрамда үйде міндетті түрде қымыз, шұбат, сүзбе секілді дәм татанын сүт тағамдары, яғни ақ болу керек. Егер сүт болмаса, ыдыс-аяқты бұлақ суымен толтырып қоятын болған. Олар осы күні Жаңа жылдық дастарханның сәнін келтіретін міндетті тағам – Наурыз көже дайындайды.
1. Мәтін не туралы? Бір сөйлеммен ғана жауап беріңіз.
2. Мәтіндегі мәліметтерді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз.
Наурыз қандай мақсатпен атап өтілген
1.Мәтін ең көне мереке Наурыз туралы айтып тұр.
2.Наурыз өзі татулықтың,мейірімдіктін мейрамы
1)22наурыз күн мен түн теңесетін күн. 2)наурыз көжеге 7түрлі дәм қосылады, 7түрлі дәм наурыз көжеген ерекше дәм беріп тұрады