В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
vasylyna946
vasylyna946
28.04.2022 18:53 •  Қазақ тiлi

Наурыз – жыл басы Мәтінді мұқият оқы. Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта.
Наурыз – қазақ пен оған бауырлас шығыс халықтарының ықылым замандарда отқа, күнге, айға, суға табынған кездерінде пайда болған, яғни табиғаттың қойнынан, күн мен түннің теңелуінен шыққан маусымдық мейрамы. Қазір біраз жұрт «Наурыз мейрамы» басталғалы бері «Наурыз парсы тілінде жаңа күн» деген ұғымды білдірсе, «бұл өзі бізге парсыдан, шығыстан келген мейрам екен ғой» дейді. Шын мәнінде солай ма?
Наурыз — қазақтың ұлттық мейрамы, төл мерекесі екеніне Алаш арыстары да қалам тербеген. Ахмет Байтұрсынұлы: «Наурыз – қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде әр елде наурыз туғанда мейрам қылып бас асып, қазан-қазан көже істеп, ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп, кәрі-жас, қатын-қалаш – бәрі де мәз болып, көрісіп, араласып қалушы еді» деген. Наурыз ұлан-байтақ қазақ жерінің ауа райына байланысты әр түрлі кезеңде атап өтілген. Киіз үйдің есігінен күн түссе мұны «үт» деген. Бұл ақпанның 19-ы мен наурыздың 20-сы аралығында болады. Осыған байланысты Сыр қазақтарында «Үйге үт кірді, егіншінің көкейіне құт кірді» деген мәтел бар. Оңтүстік өңірде «Жыл басы жылқышы торғайдың ұшып келуімен» орайластыра мерекеленеді. Батыс Қазақстанда 14–15 наурызда «көрісу» дәстүрі бар, бұл күні олар туған-туыс, дос-жаранға қонаққа барып, әртүрлі тарту жасайды.
Наурыздың өз батасы бар. Әр үйде көже жасалып, ел аттылы-жаяу, ілгерінді-кейінді, мәз-мейрам болып үйлерге кіріп, көп көжеге бата қылады. «Жаз періште» – «Әз» кепті, Әзден үркіп қар кетті. Ақ қар, көк мұз жұтатқан Наурыз келіп, жаз кірді, – деп басталады, одан әрі елді-жерді пәле-жаладан, апаттан қорғап, аяғында тілектер айтылады.Халықтың мифологиялық түсінігінде 21 наурыз түні даланы, үй-үйді Қызыр аралайды, сондықтан «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр үй іші, қора-қопсысы, ауласы және киген киімі мен ішкен тамағы таза адамдарға қонады. Сол себепті ауыл-үй түгел Наурыздың алдында кір-қоңдарын жуып, таза киімдерін киіп, үй ішін, қора-қопсысын тазалайды. Қызыр ата табиғатты аралап жүріп, назары жерге түссе, қыстың тоң-мұзын ерітіп жібереді, ал тасқа түссе тас та балқиды екен. Самарқанның көк тасы еріген күн Наурыздың басталуы екен.
Наурыз – Еуразия кеңістігіндегі көптеген шығыс елдерінің Жаңа жылы. Келешекте біздің елімізде Наурыз мейрамының қадір-қасиеті, мейрамдалу дәрежесі 1 қаңтар – Жаңа жылдан мәртебесі жоғары тұруы керек. Сондықтан 3000 жылға жуық тарихы бар және ешқандай дінге қатысы жоқ, табиғаттың өз қойнынан туған Наурыз тойымыздың маңызы мен мәнін түсініп, дамытқанымыз жөн.
1. Оңтүстікте наурыз жылқышы торғайдың ұшып келуімен орайластыра тойланады.
2. Наурызда тек қарттар ғана бата береді.
3. 14–15-наурызда батыста «көрісу» дәстүрі өткізіледі.


Наурыз – жыл басы Мәтінді мұқият оқы. Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта. Наурыз – қаза

Показать ответ
Ответ:
Anastasiya3434
Anastasiya3434
03.04.2021 13:27

1. Оңтүстікте наурыз жылқышы торғайдың ұшып келуімен орайластыра тойланады.  АҚИҚАТ

2. Наурызда тек қарттар ғана бата береді. ЖАЛҒАН

3. 14–15-наурызда батыста «көрісу» дәстүрі өткізіледі.  АҚИҚАТ

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота