Троп негізінде алтыға бөлінеді: 1) метафора; 2)кейіптеу; 3) метонимия; 4) синекдоха 5) символ 6)аллегория.Троп - грекше - tropos - бұрылыс, бұрма деген сөз.Тілімізде жоғары айтылғандай тәрізді, өз мағынасында қолданатын сөздермен қатар, ауыспалы мағынасында қолданылатын сөздер де аз емес. Олар әсіресе көркем әдебиетте көбірек кездеседі. Көркем тілдің басқа түрлерінен ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздердің негізгі ерекшелігі астарлылығында. Бір нәрсені айтып, екінші мағына ұқтыруында.