Найдите синонимы
1. Алаш зиялылары ұлтымызды біріктіріп, елдігімізді, ұлттығымызды сақтауды алдына мақсат етіп қойды.
2. Олардың мақсаты ана тілімізді сақтау болған.
3. Сондықтан Алаш қозғалысының барлық жұмысында қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
4. Алаш зиялылары ұлт тағдырындағы тілдің қаншалықты маңызды екенін терең түсінген.
5. Алаш зиялылары тілтану ғылымының іргесін қалады.
6. Өйткені барлық ұлттың ерекшелігі тіл арқылы көрінеді.
7. 1924 жылы Орынборда қазақ зиялыларының съезі өтті.
8. Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтерді.
А. Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күресті.
Ә. Алаш зиялылары тілтану ғылымын қалыптастырды.
Б. Қазақ зиялылары 1924 жылы Орынборда съез өткізді.
В. Алаш зиялыларының ойы: ұлт тағдырында тіл өте маңызды.
Ғ. Сондықтан тіл саясаты Алаш қозғалысының үлен мәселесі болды.
Г. Алаш зиялыларының мақсаты ұлтты біріктіру, мемлекетті сақтау болды.
Д. Тіл ұлттың ерекшелігін көрсетеді.
Е. Келесі мақсаты қазақ тілін сақтау еді.
Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария(ға) немесе бала(ның) атасына, әжесі(не) немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман(да) балаларға көз тию(ден) немесе жын-шайтан(нан) сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар(на) байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер. таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық(тың) әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.