Найдите в тексте синонимы к этим словам
1.тәуелсіздік
2. жарияланды
3. бағыт
4. болашақ
5. әлемдік
6. әзірленуде
7. табыс
Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген.
Бүгінгі Қазақстан – сол бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болды. Бұл кез халқымыздың бостандықтан айырылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді.Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды.
Біздің буын жаңа тарихқа «Қазақстан Республикасы» деген атпен аяқ басып, жас мемлекетті әлемнің төріне оздырды. Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым – ұлы халық!
Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек.
Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – ортақ парыз. ХХІ ғасырдың сын-қатеріне төтеп беріп, ең дамығын елдердің біріне айналу – ортақ жауапкершілік.