В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Дерюгин
Дерюгин
07.10.2020 17:49 •  Қазақ тiлi

Найти деректі зат есім вот текст​


Найти деректі зат есім вот текст​

Показать ответ
Ответ:
Gir9
Gir9
10.11.2022 14:28

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.

Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке­ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі­нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған. Енді осы жеті ата шежіресіне кім жатады? Бұл туралы әртүрлі ойлар мен болжамдар, талас-пікірлер газет-журналдарда да, басқа ортада да туын­дап отыр. Мұның бір өкінішті­сі, сол пікірлер арқылы қате ұғым­дар мен ой-түйіндердің байыбына терең бойламай айта салушылық пен қателіктер ба өздерден де, оқулықтардан да жиі көрініп қалады. Тура айту керек, бұл – бұрынғы аруақ­ты ата-бабаларымыз бекітіп, айтып, дәлелдеп, нақты тұжырымдап, ғасырдан-ғасырға айқындап салып кеткен сара жол. Бұл – бұлжымай­тын тәртіп қағидасы. Жеті ата ұғы­мы жаңа заң жобасы емес, ежелден қалыптасқан қанатты қағида, санаға сіңген өсиет, өнеге мектебі, ата салтымыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
exm0r3d
exm0r3d
22.02.2022 07:18

Аян мен Тортайдың ата - аналары ерте дүниеден өтеді . Ол екеуіде кітап оқығанды жақсы көреді . Ата - аналарынан ерте айырылғандықтан , оларға еркелей алмады және тәрбие ала алмай қалды . Бірақ олар тәрбиені кітаптан алады . Аянның әкесі майданға кеткенде , екі ай бұрын анасы дүниеден өтеді . Аян әжесімен бірге қалып , әкесінің оралғанын күтеді . Сонан соң әжесі дүниеден өтеді . Оның ешқандай жақыны қалмаған соң , жетім қалады . Сөйтіп оны Бапай атты туысы асырап алады . Тортайға келетін болсақ ол да жетім , ол ауылында өскен . Аян мен Тортайдың өмірлері бір - біріне ұқсас . Себебі ол екеуіде жетім . Екеуіде кітап оқығанды жақсы көреді . Екеуініңде достары көп .Уақыт өтіп бара жатыр , бірақ адамдар соғыс жылдарында , неміс фашизмінің жеңістерін еске түсіреді , тарихта оның маңыздЫЛЫҒЫН жоғары бағалайды , өйткені қазір жауынгерлердің сабақтарын есте сақтай отырып , біз бейбітшіліктің негізі болып табылатынына сенімдіміз . Миллиондаған адамдар Отанның тағдырын өз бетімен бағалайтын өлімді қабылдады . 1945 жылғы соғыс - біздің еліміздің батырлық дәуірінің беті . Оның айрықша ерекшелігі - ұлт . Соғыс көптеген тіршіліктерді жойды . Бірақ оның іздері адамдардың жүрегінде қалады . Қазір біздің құрбандықтарымыз бекер емес екенін түсіндік . Миллиондаған адам өмірі - бұл дәлел . Мүмкін сол себепті біздің тарапымызда жеңіс адамзат үшін тұрақты болып шықты ..

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота