В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
EdgyHuman
EdgyHuman
02.04.2022 16:00 •  Қазақ тiлi

Найти падежные окончания,выделить и определить какой падеж Айша Бибі кесенесі — өзінің аңызға
толы рухани құндылығымен қатар сәулет
өнеріндегі ғажайып, әлемде теңдесі жоқ
ескерткіш. Ескерткішті қалаған кірпіштердің
әртүрлілігінің өзі таңғалдырады. Оның
алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін
тек батыс қабырғасында сақталған.
2001 — 2004 жылдар аралығында қайта
қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Кесенені қайта қалпына келтіру үшін
Түркістан Реставрация филиалының қайта
жасаушы шеберлері үш жыл бойы ізденіп,
оның кірпішінің жасалу технологиясын
зерттеді. Ескі технологиялы пештерді
қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған
плиткалар дайындалды. Сондай-ақ
кесененің іргетасын қатайту, қабырғаларын
көтеру, ішкі және сыртқы желкендерін
жөндеу секілді қиын жұмыстар жүргізілді.​

Показать ответ
Ответ:
Ангелина7102
Ангелина7102
17.05.2020 03:09

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
bibok3
bibok3
23.08.2021 07:16

Көне қалалар туралы диалог.

Алмасбек: Аспандияр, сен Қазақстандағы көне қалалар жайлы естуің бар ма?

Аспандияр: Ия, достым, кезінде Ұлы Жібек жолының бойында Түркістан, Тараз, Отырар секілді қалалар орналасқан болатын. Жай сұрадың ба?

Алмасбек: Мен оқушылар сарайында «өлкетану» үйірмесіне қатысушы едім ғой, есіңде ме? Сол үйірменің жетекшісі мен қатысушыларымен бірге келер демалыста «Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстанның көне қалалары» атты үш күндік сапарға аттанамыз.

Аспандияр: Қандай керемет! Әттең, мен де сол үйірмеге қатыспаппым, әйтпегенде менің де бұл сапарға аттанғым келетін еді. Тарихи деректерге толы, маңызды сапар болатын сияқты.

Алмасбек: Ия, мен де солай ойлаймын. Сондықтан қазірден кішкене болса да дайындалып, қосымша мәлімет жинап жүрмін.  

Аспандияр: Оның дұрыс екен. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды.

Алмасбек: Толықтай келісемін. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Тараз қаласы «саудагерлер қаласы» деп аталды. Себебі Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары, наубайханалары мен шеберханалары сауда жолында орналасқан болатын.

Аспандияр: Сәтті сапар тілеймін! Жақсы, әрі жемісті демалыс болсын!

Алмасбек: Рахмет, келген соң қалай өткенін айтып беретін боламын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота