В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
manasaf118
manasaf118
22.06.2022 21:15 •  Қазақ тiлi

Найти все прилагательные Тараздың бойтұмары
Тараз — Талас өзені бойында орналасқан
тарихи қала. Ол V ғасырға дейін салынған.
2000 мың жылдық тарихы бар Тараздың өзіндік
тарихы бар. Оның даму жолдарының құпиясы
мен сыры көп,
Әр қаланың өзінің ерекше бойтұмары
болады. Тараздың бойтұмары — Қарахан
мен Айша Бибі күмбездері, Аңыз бойынша,
Айша Бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен
кездеседі. Бірін бірі ұнатқан екі жас үйленуге
келіседі.
Жаугершілік заман болғандықтан, елін,
жерін қорғап шайқаста жүрген Қарахан уәделі
мерзімде Айша Бибіге бара алмай қалады,
Арада біраз уақыт өтеді. Айша Бибі
Қараханның мекені — Тараз қаласына бару үшін
қасына күтушісін ертіп, жолға шығады. Бірнеше
күн жол жүріп, Таразға жетеді.
Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп,
біраз демалмақ болады. Күтушісі ас әзірлеуге кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі
сергіп шыққан Айша Бибі жұмсақ төсенішке келіп жатады. Ұзақ жолдан шаршаған
жас ару маужырап ұйқыға кетеді. Осы кезде оны даланың улы жыланы шағып
алады,
Денесін у жайлап, тынысы тарылған Айша Бибі дереу Қараханға хабар
бергізеді. Қарахан емші мен молданы алып жеткенде, ару қыз есінен танып жатыр
екен. Қарахан Молдаға Айша екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды
қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді Бибі
болдың!» — деп үш рет айқайлапты.
Ханның өлі қызбен неке қиғаны басқа еш халықтың тарихынан кездеспейді.
Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем
күмбез орнатады. Қанша уақыт өтсе де, сол күмбез екі ғашықтың махаббатының
өшпес белгісі болып Тараз қаласының іргесінде әлі тұр.
ЖАЗЫЛЫМ

Показать ответ
Ответ:
Kosmos29052004
Kosmos29052004
10.10.2020 01:53

1) үйде электор қуатын үнемдеу жолдары.

- Алло

- Алло қызым

- Анашым мен шықтым үйден, мектепке бара жатырмын

- Барлық шамдарды, теледидарды, тоқтарды сөндіруге ұмытып кеткен жоқсың ғой?

- Ой, кешірші анашым, мен ас бөлменің шамын сөндіруге ұмытып кеттім. Мен əдейі емес, байқамай қалдым. Кешірші

- Үйге бар тез. Бір үана бөлменің шамы жанып қалсада ол тоқ жерді. Ойланшы, егер барлық адам арттарынан шамды, теледидарды сөндіруге ұмытып кетсе, бір күні электр қуаты таусылып қалуы мүмкін. Бəрінің соңы бар. Сол кезде осы істегеніе үшін өкінесің

-Жарайды анашым. Мен қатемді түсіндім. Келесі жолы бəрін тексеріп шығатын боламын.

- Ақылыңнан сенің...

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
ник5032
ник5032
19.03.2023 15:06

Ораз Қаңлыбаев – Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері, конькимен алыс қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның 12 дүркін чемпионы және ел рекордын 7 мәрте жаңартқан. Әрі Кеңес Одағы құрамасына енген тұңғыш қазақ спортшысы (1952-53 жылдары өнер көрсетті).

Ораз Мұсағалиұлы 1931 жылы 7 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген. 1963 жылы Мәскеу мемлекеттік орталық дене тәрбиесі институтын (қазіргі Ресей мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті) бітірген. Жеңіл атлетика, велосипед, волейбол, допты хоккей, бокс, коньки сынды спорт түрлерімен айналысқан. Алайда бұлардың арасында Ораз Қаңлыбаевтың атын шығарған және тарихта есімін қалдырған коньки спорты еді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота