В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
alina2834
alina2834
12.11.2022 16:19 •  Қазақ тiлi

Назовите несколько казахских обычаев и традиций которые сохранились до наших дней.

Показать ответ
Ответ:
Halimali10
Halimali10
02.01.2021 04:14

1.б) өлке, ата-ана

2.б) доп

3.ә)《Абай жолы》

4.ә) таза

5. Бәтеңке, шұжық, балқаймақ дүкенде сөзге келіп, ұрсысып қалады. Бәтеңке шығып айқайлап, мысық, тышқан, иттен кімннің мейірімді екенін сұрайды. Бірақ олар қате жауап береді. Сөйтіп олар кейін сиырға барады. Сиыр:

-Шұжық,сен еттен жасалғансың. Ал бәтеңке сен былғарыдан жасалғансың. Балқаймақ сен түйенің сүтінен жасалғансың. Барлықтарына айтарым үшеуінде мейірімдісіңдер. Адамдарға көмектерінді тигізесіңдер. Ендігі бұлай сөзге келмей, қайта татуласыңдар!-, деді.

Балқаймақ, шұжық, бәтеңке үшеуі қайта татуласып, адамдарға әрқашанда көмектесетін болып ешқашан ұрсыспайтын болды.

6.в) жеке адамның жазып отыратын дәптері

7.в) қол

8.ә) алтау

9. Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Iле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.

0,0(0 оценок)
Ответ:

Осы бір қасиетті ұғымның біздің халқымыз үшін  мағынасы өте тереңде. Еліміздің отан  болып қалыптасуы жолында  халқымыздың даналығы, ерлігі, қайтпас қайсарлығы  жатыр емес пе? Қазақ елі талай қиын қыстау кезеңдерден өтіп, бүгінгі күні әлем таныған, терезесі ешкімге тең келмейтін жеке тәуелсіз мемлекет атанып отыр. Бірақ, бұның барлығы бізге ақ пейілді аналарымыздың көз жасы мен ержүрек батыр азаматтарымыздың бағасына татиды.

Менің отаным тәуелсіздігі  тұғырлы киелі қазақ жері. Киелі қазақ жерінің түпкіріндегі орны ешнәрсемен сараланбайтын шағын ғана Малтабар атты ауылым. Менің шырылдап дүние есігін ашқан жерім де, өскен жерім де осы шағын ауылмен тікелей байланысты. Менің ауылым – отанымның кішкентай бір бөлшегі. Яғни, әркімге өзінің туып өскен жері, кішкентай отаны. Осы кішкентай отаныммен үлкен отанымның  амандығы ,бірлігі мен үшін өте маңызды. Мен үшін Отан – жер бетіндегі жан азығыммен өмір мәнінің түйіскен бұрышы деп білемін.

Дархан даламызды Алаштың айбынды азаматтары көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпақтың жарқын болашағына жол салып берді. Отанымыздың алып мемлекет атануына септігін тигізген азаматтардың үлестерін жадымызда сақтау кімге де болсын парыз әрі міндет.Бірақ осы міндетін ұмытқан оты сөнген жандар да баршылық. Олардың адам деген атты құр алып жүруге қалайша намыстары жібереді десеңізші?

Менің ойымша, нағыз отанына деген патриот, «адам деген атты құр алып жүрмей, шың   мәнісінде адам» атануға тиісті. Яғни олардың отанға деген сонымен қоса, отанмен бірге өзінің тағдырына да салғырттығы. Мұзбалақ ақын Мұқағали атамыз жырлағандай үш бақыттың тіпті болмаса біреуін болсың қадірлесе, қазақ азаматы ретіндегі жүрегінде отанына деген патриоттық сезімі болса, онда ата-баба рухы бізге мәңгіге ризашылығын білдіретіні сөзсіз. Олардың көз жасы мен қанының зая төгілмегендігінің белгісі деп білемін.

Еліміздің жарқын болашағы үшін жеке мемлекет болуына үлес қосқандар да аз емес. Олардың есімдері мәңгіге халық жадында сақталмақ. Айта кетер болсам, Ереймен өлкесіндегі Малтабар атты топырағы қасиетті кең жерде қазақ халқының жарқын болашағы үшін  өз өмірін арнаған Алаштың ардақты азаматы Перуаш Кәрімұлы 1914 жылы дүниеге келген.

Өзінің отанына деген қызметін қарапайым ұстаздық етуден бастаған болатын. Бар жоғы 16 жаста мұғалім болып, алғаш мектеп салып,сол мектепті 1936 жылға дейін басқарған болатын. Жас болғанына қарамастан, білімге деген құштарлығы өте зерек – Перуаш Кәрімұлы – бар білімін халқының, отанының болашағы үшін арнаған.

Ол кісіні өз басым сол замандағы зиялы — ағартушылардың бірі әрі бірегейі деп білемін.1937 жылдың  14 наурызында НКВД-ның Еркіншілік аудандық бөлімімен колхоздарда революцияға қарсы әдебиеттерді тарату және іріткі туғызу жұмысын жүргізді және де  Қазақстанда 1937 – 1938 жылдары «ұлтшылдар» , «жат пікірдегілер» деген саяси айып тағылған болатын.

Бірақ басқа түскен қиыншылықтарға қарамастан, Алаштың азаматы өз ұстанымынан таймаған. Өзінің орны ойсырап бос қалса да, артынан өшпейтін мәңгілік отанына деген жүрегінің адалдығы ақталып, қазақтай кең байтақ жердің ұлтаны екенін дәлелдеп кетті. Шіркін, аңсаған мұратынан үміт күткен, алдан жарқын нұрлы өмір белесін көре алмай кетті.

Бір адамның, бір отбасының басындағы қасіретті тілге тиек еткенде XX  ғасырдағы қазақ елі тарихындағы  адамдардың тағдырларын тәлкек еткен қаралы кезең көз алдына келеді. Ол кісі бір ғана жанұяның, бір ғана рудың емес барша қазақ жұртының азаматы. Осы кезеңде біз айбынды ұлдарымыз бен ұлт зиялыларынан айрылған едік. Сол зиялы қауым мен ұлтандарымыз болмағанда, қазақ елінің тағдыры бәлкім басқаша болар ма еді?

«Алаш» ұстанымы үшін 1938 жылы құрбан болған Перуаш Кәрімұлына 103 жыл толып отыр. Яғни, ол- кеңестік биліктің тұрғындарымыздың  ұлттық мүдделерін қорғаушыларды аямай жазаға тартылған қиын кезеңнің құрбаны. Солардың бірі әрі бірегейі – Перуаш Кәрімұлы. Қазіргі уақытта келер ұрпақтың сауатының ашылуына есімі тағдырлас десек, артық айтқаным емес.

Осындай жүрегі қазақ деп соққан азаматымыздың  Малтабар мектебіне есімі берілгеніне мақтан етемін. Алаштың арыстары салып кеткен көркем өмір белестерімен жас та, жігерлі қазақтың батыр ұл – қыздары ер жетіп, өсіп келеді.Ол кісінің дара жолы бір тағдыр, ал біздің өміріміз сол кісінің салған ізімен тікелей байланысты. Осындай алып азаматтарды дүниеге әкелген ата-баба рухына мың тағзым. Солардың да арқасы болар, біздің ешбір уайымсыз ертеңімізге аландамай әр атқан ақ таңдарымызға күліп қарайтынымыз.

Перуаш Кәрімұлының отанына деген үнің мына өлеңінен тапқандаймын:

Қорқыныш осы жерден болмай сенім,

Жақсы жоқ,жаман айтпай дегендейін.

Ырзамын туып – өскен Қоржынкөлім,

Малтабар – кіндік қаным тамған жерім…

Біздің тағдырымыз батыр да, намысқой ата – бабаларымыздың қаныменен шешілді. Ал біз болсақ қазақ жастары ретіндегі олардың рухына мәңгі тағзым етумен ғана шектелмей,отанымыздың тағдырының нұрлы болуына өз септігімізді тигізуіміз керек, сонымен қоса бізден кейінгі ұрпақтардың жалғастығынына,олардың тағдырының себепшісі болуына бар жалынымызды арнауымыз тиіс.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота