В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
hakimullinaale
hakimullinaale
26.06.2022 05:00 •  Қазақ тiлi

Назым мен Бейсекүл газетке арнап сурет салды, Ертай концерт дайындады, Масақ теруде Шаншатай озат болды. Бейсекүл мен Күлдәрі газет шығаруға көмектесті, Шаншатай суреттерін салды, Келдібай ағай газетке жазылуға үгіттеді. «Кірпі» атты қабырға газеті шықты, Бейсекүлдің масақ теруден озат болғаны үшін Ертай оның суретін газетке жіберді, Бейсекүл мен Назым Теке қартқа газет таратуға көмектесті

Показать ответ
Ответ:
Goodsteve31
Goodsteve31
28.04.2022 22:35

Фотосинтезді зерттеу барысындағы ең басты мәселелердің бірі — осы процестің өсімдіктердің жасыл жапырақтарында жүзеге асуы құбылысын ашу. Бұл сұраққа нақты жауап берген неміс ғалымы Т.В.Энгельман болды. Ол фотосинтез процесінің хлоропластарда жүретінін дәлелдеу үшін жасушаның әр түрлі бөліктерін кішкене сәуле шоқтарымен жарықтандыруға болатын микроскоп құрастырды. Жасушаның жеке бөліктерін жарықтандыра отырып, оның қай бөлігінің фотосинтезге кабілетті екенін зерттеді. Сөйтіп, ол жасушаның қай бөлігі фотосинтез процесі үшін жарық қабылдағышы бола алатынын дәлелдеді. Фотосинтездік белсенділікке талдау жасау үшін ол тек анаэробты жағдайды ғана талдап алды. Ол үшін қозғала алатын және оттектің концентрациясы жоғары болатын аймақ бағытына қарай жылжитын бактерияларды қолданды. Сонда Т.В.Энгельман бактериялардың жасушаның жарық түскен хлоропластарына жылжитынын басқа жарық түскен органоидтеріне жылжымайтынын байқаған. Бұдан Энгельман: "Хлоропластар жасушалары оттек орталығы болып табылады және фотосинтез процесі нәтижесінде оттек бөлінеді" деген тұжырым жасаған. Сонымен фотосинтез процесі кезіндегі жарықтың сіңірілуі мен оттектің бөлінуі тек хлоропластарда жүретіні анықталды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alina23154784
Alina23154784
24.08.2022 20:12
Бұрынғы заманда неше алуан хандық құрған түрік жұрттарының көбінің тойын бірге тойлап шыққан бір ел қазақ елі екені тарих жүзінен белгілі. Нағыз қазақ бірлігі XV ғасырлар ішінде шықты десек те, сол бірлікті жасаған рулардың көпшілігі ертерек заманда болған. Алтын Орда, Қазан хандығы, Ноғайлы, Өзбек бірлігі сияқты хандықтардың бәріне де кірген, солармен бірге ыстығына күйіп, суығына тоңып, ірі тарихи уақиғаларды бастарынан бірге кешіріскен. Бұл мағлұматтың шындығын жалпы тарих жүзінен бір көрсек, ел қиялы жасаған, ел есінде сақталып қалған ескіліктен екінші рет тағы көреміз.Кейінгі заманда қазақ бірлігін жасаған рулар бұрын Алтын Орда бірлігінде болған. Осы сияқты тарихи дәуірлердің әрқайсысынан қазақтың бүгінде сақталып келген әдебиетінде айқын із болмаса да, долбар жасатарлық ұлы сүрлеу бар.Қазақ руларының бұрынғы заманда қоныстасып, оттас болған елдіктердің бәрінің тұсынан алып шыққан ырымы, жүлдесі бар.Бәрінен де қазақ ескілігінде сақталып қалған белгі бар. Алтын Орда бірлігінің мезгілінен Едіге батыр әңгімесін алып шыққан. Одан бері Алтын Орда бірлігі құлап, жалпы саяси бірлік жоғалған уақытта бұрынғы бірлік көзі жақсы кездей болып ұмытылмай жүреді. Ел көңілінде ашық күнді жақсы мезгілдей ниет бірлігі, тілеу бірлігі жоғалмай жүрген бір кез болады. Сол кездің белгісі сияқты әңгімелер: Ер Тарғын, Шора, Қобыланды әңгімелерінде Алтын Орда құлаған кезде соның екі шетінде екі жаңа хандық жасалады. Бірі — Қазан, бірі — Қырым хандығы. Қазанның ішіне Тама, Қыпшақ кіреді. Қыпшақтың бірлігінде болғандығының белгісі болып Қара Қыпшақ Қобыланды әңгімесі қалған. Одан бері де қазақтың бірталай руы ноғайлымен бірігеді. Ноғайлы бірлігінде болады. Оның ішінде де Қыпшақ болған. Кейінгі қазақ бірлігіне кірген рулар ноғайлы бірлігінің кезінен Сайын әңгімесін алып шығады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота