Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мәтін қай стильде жазылған.Себебін анықта
Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.[1]
Қасым Аманжолов– қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.
Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.
Ақыры санамды сенделткен сұрақтардың жауабын тауып, арманым жайлы ойлай бастаған едім, қаламыма қанат біткендей болды. Эссенің арқауы арман болған соң дәл солай «Асқақ арман» деп атадым. Елбасының кестелі сөздері жинақталған «Ақыл – парасат кітабына» үңіліп отырып мына бір айтқанын жаныма жақын тарттым: «Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады.» Шығармамның атауына лайық келіп, өзіме ерекше жігер беретін тіркестер болғандықтан осы сөздерімен бастадым.
Дана бабамыз әл-Фараби «Ғаламда әр адамның өз орны» бар деген екен. Жаратылыстың шындығы да осы. Кеше мен бүгін және ертең жұмыр жер бетінде тіршілік кешетін жанның әрқайсысының өз мәні мен орны, атқарар ісі мен қалдырар ізі болмақ. Өзіміз емес, соңымыздан қалатын дүние мәңгілік. Әр адам сол өзі өмір сүрген ортаға пайдалы қызмет етіп, өзінің әлеуеті деңгейінде қолынан келгенше ел дамуы мен жаңғыруына үлес қосуы керек. Өз тағдырын ел мүддесімен еселеуі тиіс. Ал ол үшін…
Ең алдымен, өмір алаңындағы өзіңнің орныңды дәл таба білуің шарт. Сонда ғана, яғни өз орнында отырған а туған халқына, отбасына мейлінше пайдалы іс атқара алады