Құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе білімнің қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
1. Мәтіннің 1-бөлігінің негізгі ойы қандай?
[1]
A) Мәдениет – жеке адамдардың өмірі
B) Мәдениет – келешекке қалатын мирас
C) Мәдениет – тек қоршаған ортаның әсері
D) Мәдениет – технологияның даму өрісі
2. Ортаның өркендеуі де мәдениеттің өсуіне байланысты екендігі қай бөлімде айтылады? [1]
A) І
B) ІІ
C) ІІІ
D) ІV
Ата-бабаларымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулық мықты болса, а әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады.Қазіргі таңда таза ауаға шығып, табиғат аясында демалуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да ауасы тарылған ортада тыныс алуды үйренген жөн. Күнделікті таңертең оянған бойда төсектен тұрмастан 20 рет терең тыныстау керек, кейін 30-40 минут таза ауада жаяу жүріп, сергіген абзал. Мүмкін болса, таңертең жылы душ қабылдаса игі. Сондай-ақ, таңғы жаттығуларды жасауды ұмытпаңыз.
Біз «Дала заңына» бағынып өскен халықтың ұрпағымыз. Қай заманда болсын, өз құқымызды қорғап, ар-намысымызды таптатпауға тырысқан елміз. Осы тұрғыдан қарағанда, рухани деңгейден материалдық деңгейге түсу, құндылықтардың өзгеруі, қоғам заңдылықтарын дұрыс түсінбеу, адамгершілік қасиеттердің төмендеуі секілді бүкіл болмысымыздағы өзгерістер ішкі рухымыздан ажырап, рухани қуатымыздың әлсіреуінің белгісі ме деген ойлардың көңіл түпкірінен әлсін-әлсін қылаң беретінін несіне жасырайық. Бұлайша шала бүлінудің де реті жоқ шығар… Әйтсе де бүгінгі бет-бейнеміз шаң басқан айнадан өзін анық көре алмай әбігерге түскен адамның кейпін елестететіндей. Осы орайда адамзат болмысындағы түрлі өзгерістердің соңы қайда апарады? Адамзат үшін ең қауіпті нәрсе не? Халық белсенділігінің төмендеуіне не себеп деген бірқатар сауалдарға жауап іздеп көрген едік.