В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
sofyaderka4eva
sofyaderka4eva
22.06.2022 00:32 •  Қазақ тiлi

Неліктен анасы баласын әуелі әкесіне сәлем беруге жұмсады? І. Осы жиынға екі жолдасынан бұрын түскен Абай көп ішінен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:
– Әй, шырағым балам, әуелі аржағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді.
Абай сонда барып, анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісімен әңгімелесіп тұрған әкесі Құнанбайды көрді. Ыңғайсыздықтан қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.
ІІ. Байтас пен Жұмабай, Абай - үшеуі жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Баласын қасына да шақырмады. Абайға қарап алып:
– Балам, бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау! Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. Шынымен, жай білгісі келгені ме әлде астарлы ойы бар ма?
Бала ес білгеннен бері әкесінің қабағын танып өскен. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезін білетін ол сабырлы пішінмен:
– Шүкірлік, әке, - деді, - ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, - деді.
Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзірлеген жауабы еді.
ІІІ. Кезек өз шешесіне келгенде, қатты бір қысып, бауырына басып, маңдайынан иіскеді. Бірақ бауырына басқанның өзінде Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!..
– Әжеңе бар, әнеки! - деп үлкен үйге қарай бұрып жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
– Жаман неме, мені есіңе алмай, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! – қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан лезде:
– Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... - деп кемсеңдеп, жылауға айналды. (М. Әуезов «Абай жолы» үзінді)
ІY. Қарт десе, шаңырағына құт-береке дарытып отырған ақ сақалды ата мен ақ жаулықты әже елестейді. Өкінішке қарай, перзент атаулының бәрі ата-анасын алақанына салып аялап отырған жоқ. Өзін дүниеге әкеліп, ұйқысын төрт бөлген анасын, мойнына мінгізіп еркелеткен әкесін қартайғанда өзектен тепкен қатігез балалар да жетерлік. Болмаса, үй-күйі жоқ қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында 1950-60 жылдары құрылған мекемелер қуатты ұлы бар ақсақалдың, дәулетті қызы бар кейуананың құтты мекеніне айналар ма еді?! (Анар Лепесова «Түркістан» газетінен)
Әкені, шаңырақтың пірін құрметтеді.
Сыншы, жасы үлкен әкеден сескенді.
Аналардан таралған мейірімділіктің, қайырымдылықтың әсері болды.
Әбден жасқаншақ, қорқақ болып қалған. КАКОЙ СДЕСЬ ОТВЕТ ​

Показать ответ
Ответ:
dashavchinnik
dashavchinnik
01.11.2021 15:41

Кез-келген баланың  жақсы көріп, құрметтейтін әжесі болады. Менің де әжем бар. Оның аты-жөні Мухамбетова Ақкенже. Ең қызығы әжемнің екі есімі бар. Шын аты - Таңсық. Әке-шешесінің ерке қызы болған соң Ақкенже деп атаған екен. Әжем өз атына сай адам. Өте ажарлы, мінезге бай, ақжарқын.

Ол мені кішкентайымнан өсіріп бағып келеді. Жасы 75-тен асса да анам мен әкем жұмыста болған соң, мені сабаққа дайындап, шығарып салады. Ол қарындасым Жанарға да қарайлайды. Бізді қатты жақсы көреді. Күн сайын тәттілер алып беріп еркелетеді.

Ол мен үшін өмірдегі ең қымбат жан. Оның дайындаған сүтке қосылған күріші тіл үйіреді. Тәп-тәтті. Қайта-қайта жей бергің келеді. Әжеме сол үшінде ризамын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
darkbluefox
darkbluefox
29.09.2020 18:17
Ақтау қаласында ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.

С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.

Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.

Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан  бір топ азаматтарды марапаттады.

Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі. 

Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота