Нужен перевод.бұл жақта жаз ыстық болады. қар суымен дымқылданып жататын жер алғашқы ыстықта қызып, өсіп қауырт өседі.бекеннің бақшасы да солай болды. бір күні қауын, қияр еккен жеріне келсе, құлаш жайып өскен өсімдіктердің құлағы салпиып, әрі боп-бос болып қалыпты. солғалы тұр екен деп қорыққан ол күдігін атасына айтты. -шөлдегендікі ғой, суару керек,-деді үлкен кісі. күрек алып, сонау көмейге барды. арыққа су салып, жол бойы былтырдан қалған ескі шөптерін тазалай келді. бақшаға жіберілген мол су әр түпке шымырлап сіңісімен-ақ, қияр, қауындар құлағын қалқайтып қайта көтеріліп жатыр. бекен таң қалды. «шөлі қанып не қарны тойған соң, ширай бастайын жан иесі секілді» деп ойлады ішінен. судан кейін өсімдік біткен бір күнде қаулап шыға келді. әсіресе бүкіл бақшаға арам шөп лап қойды. бекен екі күн бойы бақшасын тазартты. атасы «маусым» деп атайтын бұл айдың ыстығы осал емес көрінді. арада бір-екі жұма өткен соң, анада еккен бір түйір дән құлаш-құлаш желі тартып, әуелі сары құлақ гүл ашты да, артынша түйін тастаған-ды. міне, енді қара көк жапырақтың астынан сопиып-сопиып қияр пайда болды. алғашқы қиярды үзіп алғанды, алып-ұшып атасына жетті. атасы ораулы бәкісін ашып: -бекенім өсірген алғашқы көк қой, - десіп, әжесі екеуі жеді. өзі де күртілдетті. -тәп-тәтті,-деді сонан соң. -иә, ң өз еңбегі сіңген қара суы да тәтті болады, , - деді үлкендер.
Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.