В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dasha34presnova
dasha34presnova
21.02.2021 22:50 •  Қазақ тiлi

нужно Екі тақырыпты салыстырып эссе жазу керек
100-150 сөз
Ғарышты игеру жетістіктері
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Адамзаттың ғарышты игеру жетістіктері

Осыдан тура 59 жыл бұрын ең алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Ю.А.Гагарин болса, араға 30 жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды. Бұл еліміз үшін үлкен мақтаныш.
Қазіргі таңда ғарыштың игерілуі ғылымның дамуына, тіпті экономика мен әскери – қорғаныс қабілетінің күшеюіне мол әсерін тигізіп отыр. Аспанды игеруді аңсаған, ғарыштың ғаламатына құмар адамзат талайжылдан бері осы саладағы ізденістерін тоқтатқан емес.
Ғарыш десе көңілге туған топырақ төсіндегі Байқоңыр келеді. Аспан әлеміне алғаш адамды аттандырған Байқоңырдан 2600- ден астам зымыран ұшырылып, ғарышқа 3000-дай ғарыш аппараттары шығарылса, 130-дан астам КСРО және шетелдік ғарышкерлер көкке сапар шекті.Әртүрлі конструкциялы ғарыш аппараттары Айға, Шолпанға және Марсқа қондырылды.
Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ ғарышқа ерекше
көңіл бөліп келді. «Ғарыш айлағы – бүгінгі күні біздің әлемдік экономика-
лық сайыстағы жалғыз байлығымыз!» деген болатын
1991 жыл – Қазақстан, қазақ халқы үшін ерекше құт дарыған жыл болды.
Қазан айының 2-сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров Байқоңырдан
«Союз ТМ-13» кемесімен көк жүзіне көтерілді.
Т. Әубәкіров әуе кеңістігінде өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология,
металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Соның нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң
бұлттардың булану процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарында таралуының ғарыштық суреттері алынды.
Бүгінгі күні ғарыш технологиясы ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. Ғарыш аппараттары, жер серіктері Айға және Шолпанға ұшырылып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай ақ бірнеше аппарат Күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшінқызмет етуде. «Космонавтика»- біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол азаматтардың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құралы.(276 сөз)

Ә мәтіні:газет мақаласы
Ғарышты игерудің қоршаған ортаға тигізетін залалдары
Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жер асты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану,транспорт түрлерінің көбеюі мен ғарышты игеру саласы қоршаған ортаны түрлі улы химиялық зиянды қосылыстармен ластауда.
Қызылорда өлкесінің қазіргі жағдайына көз салсақ, Сырдарияның ластана бастаған суы мен  Аралдың тартылуына аянышты көзбен қарап, Байқоңырдың өңір тұрғындарының денсаулығына әсері бары ащы болса да шындық. «Байқоңыр» ғарыш айлағы демекші, экватор жазықтығына жақын орналасқан, ракетаның қолайлы ұшуына ыңғайлы бұл жер 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына қолдануға берілді.Өкініштісі, ғарыш айлағын пайдаланумен қоса адамзатқа әкеліп жатқан зардаптары көптеп байқалады.Зерттеу нәтижелері мен ортақ статистика бойынша Байқоңыр кешенінен жалпы Қазақстан аумағына жылына 40-45 мың улы газдар таралады және ол улы заттардың ауадан жойылуына 100 жыл керек екендігі анықталды.Сонымен қатар түрлі соғысқа қажетті жаппай қырып жоятын 38 ракета мен 80-нен астам космос кемесінің модификациялары да сыналған. Ал бұл дегеніміз, тұрғындардың жүрек, тыныс жолдарының қабынуы, балалардың шала, кемтар, аурушаң болып туылуының айқын себептері деген сөз.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:
- ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
- атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;
- атмосфераның озон қабатын бұзады;
- территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;
- қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
Осы мақалам арқылы сіздерді Қызылорда облысы мен еліміздің экологиялық проблемаларының шешімін бірге табуға шақырамын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бәріміз бірге табиғатты қорғау жұмыстарына бірге атсалысайық!
(219 сөз) ​

Показать ответ
Ответ:
SpiritAlice
SpiritAlice
09.11.2022 01:47

тұяқ

Объяснение:

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Boevoy2002
Boevoy2002
22.04.2021 11:03

Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 жылы қарулы күшпен басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет жеңді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін араб секілді шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.

Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты жаулап алып, өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота