Спорт киімі өте ыңғайлы болуға тиісті. Ол еркін қимыл қозғалыс жасауға қолайлы болуы керек. Денеге ауа келуіне кедергі жасамайтын тиісті матадан тігіледі. Жазғы спорт ойын түрлерінде көбінесе қысқа жеңді жейде мен қысқа балақты шалбар пайдаланылады. Ал қысқы спорт түрлеріне әрі жылы әрі жеңіл сыртқы киім кию дұрыс.