Оқшау сөздер – сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға қатысы бар сөздер кездеседі. Олар сөйлем мүшесі бола алмайды, себебі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Олар: қаратпа сөз, қыстырма сөз, және одағай.
Мысалы: Жолдастар, (қаратпа сөз) майданда біздің әскерлер жан аямай соғысуда. Демек, (қыстырма сөз) біз жеңеміз. Алақай, (одағай сөз) біз жауды жеңдік!
Мәтіндегі оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңдар.
Менің жастығым а ң қызметіне берілді. Мүмкін, мен жастығымды қайыра алмаспын. Бірақ ол босқа кетпейді, менен кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, сендер бақыттысыңдар. Сендер соғыс дегенді білмей өтетін
боласыңдар. Біз жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан еттік.
Мен өз елімді қорғаймын. Менің момын да бауырмал, ардақты елім бар. Сол елім мен аттанарда былай деген болатын:
– Тас түлегім, қиын бір кезең келіп қалды: жау жағадан, бөрі етектен алғалы тұр.Аттан, қуып-жойып қайт! Ұлым, сен кәрлі кезең, соғысты заманның жігітісің, жауынгерше қимылдай біл! – деген. Мен мұны ұмытпаймын.
Мен – шығыс адамымын, батысқа кетіп барамын. Менің елім жақтан шығатын алтын күн мені күні бойы жылытады. Міне, кеш бола бастады. Күн мені қимағандай, ұясына қона қоймай тұр. Маған көзін тура қадап: «Шығыс ұлы, жолың болсын! Шығысқа жеңіспен қайт! Мен сені Алатаудың аясында қарсы алармын!» – деп тұр. (Баубек Бұлқышев)
Деңгейлік тапсырма
1«Меніңше, жеңіс ол...» деген тақырып бойынша өз ойларыңды ассоциациялық кестеге түсіріңдер
2. Оқшау сөздерді топтстыр.
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.