Оқу сауаттылығы «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі» Менің болашақ пәтерім
Сәлем, Ернұр! Бүгін қазақ тілі сабағынан Сәуле апай «Менің болашақ пәтерім» деген тақырыпта шығарма жазып келуді тапсырды. Мен мынадай мәтін жазған едім. Оқып көрші. Ал сен не жазар едің?
«Басқа балалар секілді менің де кішкене кезімнен ойлаған арманым көп.Соның бірі - өзім қалағандай пәтерімнің болуы. Мен болашақ пәтерімнің жобасын жасап қойдым.
Мен аспанмен таласқан зәулім үйдің жоғары қабатында тұруды қалаймын. Өйткені мен қаланы биіктен тамашалағанды ұнатамын. Жатын бөлмемнің терезесі тауға қарап тұрса әрі одан шыршалар көрініп тұрса, шіркін! Таңертеңгі уақытта терезені айқара ашқанда таудың салқын самалы есіп тұрғаны – қандай ғанибет!
Маған екі бөлмелі пәтер болса жетеді. Бірақ оның кең, жарық болғанын қалаймын. Әсіресе қонақ бөлме мен ас үйім әсем болса деймін. Өз пәтерімнің интерьерін ұлттық үлгіде жасатар едім. Дизайнермен кеңесіп,үйдегі жиһаздардың да ұлттық нақышта болуына мән берер едім. Түсі ашық перделер мен шілтерлерді дайын матадан емес, қолдан тоқытып,өзгеше сәнді болуын қадағалаймын. Пәтерімнің көрнекті жеріне алуан түрлі балықтары бар аквариум қойғызамын. Бұл – менің қиялымдағы арман пәтерім».
Сәлеммен Әлібек.
26. Әлібек кімге хат жазды?
А) Досына
Б) Ағасына
С) Әкесіне
Д) Бауырына
Е) Інісіне
27. «Пәтерім» сөзі қай жақта тұр?
А) І жақ
Б) ІІ жақ
С) ІІІ жақ
Д) І жақ көпше
Е) сыпайы түрі
28. Мәтін бойынша дұрыс ақпаратты табыңыз.
А) Дизайнермен кеңесіп, үй жиһаздарын ұлттық нақышта болуына мән береді.
Б) Әлібек пәтерінің жанында көл болғанын ұнатады.
С) Әлібектің арманы шағын үйде тұру
Д) Ол пәтерінің батыстық үлгіде жасалғанын қалайды.
Е) Пәтерінің үш бөлмелі болғанын қалайды?
29. «Зәулім» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Биік
Б) Аласа
С) Жоғары
Д Төмен
Е) Ұзын
30. Таңертеңгі уақытта терезені айқара ашқанда таудың салқын самалы есіп тұрғаны – қандай ғанибет! Сөйлемнің қай түріне жатады?
А) Лепті сөйлем
Б) Атаулы сөйлем
С) Бұйрықты сөйлем
Д) Сұраулы сөйлем
Е) Хабарлы сөйлем
можно лучший ответ лайк