В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
misha22656
misha22656
15.03.2023 21:04 •  Қазақ тiлi

ОҚЫЛЫМ 1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Прочитайте внимательно текст.

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек, украин және тағы да басқа ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады. Олардың қазақ жеріне қоныстанып,өмір сүруіне жағдай жасады.
Қазақстан –түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды.

Мәтін мазмұнына сай берілген 2 дұрыс ақпаратты белгілеңіз.
Определите 2 правильные информации
Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
Қазақстан Республикасында 150-дан астам ұлттың өкілдері тұрады
Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады
Олардың салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасамады.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.

Мәтінге ат қойыңыз. Озаглавьте текст

3. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты таңдаңыз.
Найдите вопрос, на которого нет ответа в тексте.
А. Қазақстанда неше ұлт өкілі тұрады?
Ә. Олардың тілі,мәдениті жоғалмас үшін не істеді?
Б. Қазақстан ненің ордасына айналды?
В. Қазақстанда көптеген мәдени орталықтар ашылды ма?

ЖАЗЫЛЫМ
4- тапсырма.
Тамаша, кең байтақ, таулы, кең дала, ауа-райы, қысы- жазы, континенталды сөздерін қолдана отырып , «Туған жерімнің табиғаты» тақырыбында досыңа хат жазыңыз. Лепті сөйлемдерді қолданыңыз.
Напишите письмо другу «Туған жерімнің табиғаты» («Природа родного края»)
используя слова : тамаша, кең байтақ, таулы, кең дала, ауа-райы, қысы- жазы, континенталды.
В письме используйте восклицательные предложения.

Показать ответ
Ответ:
колдун3
колдун3
25.11.2021 04:11

Объяснение:

Елімізде пластик қалдықтарын ақшаға айырбастауға болады. Қазір бірқатар қалада арнайы орындар жасақталған. Бүгін елордада сала мамандары бас қосып, пластик қалдықтарды азайтудың осындай тың жолдарын талқылады. Пластик қалдықтарының көбейгені соншалық қоғамдық ұйымдар да, мамандар да жиі дабыл қаға бастады. Қазіргі уақытта еліміздегі қоқыс полигондарында 500 мың тоннаға жуық пластик жиналған және күн өткен сайын көлемі артып келеді. Сәйкесінше, қоршаған орта мен адам денсаулығына келіп жатқан залал да орасан.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Анастасия0411
Анастасия0411
05.08.2021 03:23

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.

Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота