Оқылым 2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Арсылдаған ит ызалана тап-тап береді. Шарбақтың басында бір кішкентай
мысық бүрісіп отыр. Иттен қорыққанынан арқасын күжірейтіп, ысылдаған
дыбыс
шығарады.
Анадай жерде оқиғаның соңын күткен екі бала состиып қарап тұр. Оны
терезеден көрген бір әйел сыртқа жүгіріп шықты.
Ұялмайсыңдар ма! – деген зілді дауыстан екі бала селк етіп, арттарына
қарады. Әйел
қолындағы таяғымен итті қуып жіберді.
Біз не істедік? -деп таңданды екі бала. — жай ғана қарап тұрмыз ғой.
- Міне, ең жаманы осы, - деді әйел зілденіп.
(В.А. Осеевадан аударылып, бейімделген)
Бейтаныс әйел балаларға неліктен ашуланды?
Балалар неліктен қарап тұрды деп ойлайсың?
Кейіпкерлердің қайсысының іс-әрекетін дұрыс деп санайсың? Неліктен?
Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?
• Мәтінге ат қой
Еңбек етсең — еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
Есің жиып, етек жауып,
Елге жетіп теңелерсің.
Күшіңе сенбе,
Ісіңесен.
Өзенжағалағанның
Өзегіталмас.
Түйменің инесіз күні жоқ.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.
Ергенек болмаса,
Есік тұра ма?
Еңбеккер болмаса,
Несіп тұра ма?
Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады.
Бір еңбектің — бір рахаты бар.
Көңілсіз жұмыс — өнімсіз.
Ерінген екі істейді.
Қалған іске — қар жауар.
Жұмысы жемістінің —
Өмірі келісті.
Сөзі — аз,
Ісі — саз
Даярға — аяр.
Жақсы болар жігіттің
Жұмыссыз жүрген күні жоқ.
Жаман болар жігіттің
Еш жұмысқа қыры жоқ.
Мен сүйікті мамандық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Объяснение: