В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Udontkhow
Udontkhow
31.07.2020 11:05 •  Қазақ тiлi

ОҚЫЛЫМ [7] Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған.
Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы - ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті - қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.
Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе. Төрт түліктің төресі - түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді. Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі.
1. Мәтін не туралы? Бір сөйлеммен ғана жауап беріңіз.
[1]
2. Төрт түлікті атаңдар.
[1]
3. Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңдар.
[1]

4.Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен сабақ барысында жинақталған білімдеріңізді кесте/сызба түрінде ұсыныңыз.
[4]

Төрт түліктің пайдасы
Жылқы Түйе

ЖАЗЫЛЫМ [8]
«Біздің заманымыз – ақпарат ғасыры» деген пікірмен келісесіз бе? Неге?
Тақырыпқа қатысты күрделі сөздерді қолданып жазыңыз. Жазылымда cын есімді, зат есімді қолданыңыз.

Показать ответ
Ответ:
ogurhik
ogurhik
18.03.2021 16:20

1. Мәтін төрт түлік туралы.

2.Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр.

3. Тірек сөздер: төр түлік, түей, жылқы, халық, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба

Жазылым

Біздің заманымыз - ақпарат ғасыры. Сондықтан қазір

ғаламтор жүйесі барлық жерде қосылған. Қай жерде жүрсек те,

әлемде не болып жатқанын жылдам біліп отырамыз.

Мен 5-сынып оқып жүргенде ғаламтор клубтарына жиі ба-

ратын едім. Былтыр әкем біздің үйге де ғаламтор желісін қосты.

Сондықтан мен қазір ғаламтор клубтарына бармаймын. Қажет

ақпаратты үйде отырып, тауып аламын. Тек демалыс күндерінде

достарымызбен әдейі жиналып баратын кездеріміз болады.

Мен ғаламторды үй тапсырмаларын орындағанда көбірек пай-

даланамын. Әсіресе, реферат, жоба жұмыстарын жазғанда өте көп

қараймын. Бірақ ешқашан дайын материалдарды көшірмеймін.

Өйткені көшіру мәдениетке жатпайды.

Ғаламторда оқушыларға арналған сайттар: ашық энциклопе-

диялар, анықтамалар, географиялық карталар, ең МӘнді тарихи

дерек қоры бар. Мен биыл қазақ тілінен «Мағжан Жұмабаевтың

шығармашылығы» атты жоба жұмысын жазып, мектепішілік

байқауға қатыстым. Бірінші орын алдым. Енді қысқы демалыста

қалалық байқауға қатысамын. Осы жобаны орындауда маған

ғаламтор көп пайдасын тигізді.

Мен үш тілді еркін білемін. Олар: орыс, қазақ, ағылшын тілдері.

Қазір ғаламтор арқылы француз тілін де үйреніп жүрмін. Онда

аударма, түсіндірме сөздіктерді пайдаланамын. Қазақ тілінен

сабаққа дайындалғанда аударма сөздіктен жеке сөздердің ау-

дармасын қараймын, ал түсіндірме сөздіктен түсініксіз сөздердің

мағынасын іздеймін. Өзімнің білімімді сынау үшін кейде әдейі

сөздіктерді өшіріп тастаймын. Бұл өзім білетін сөздерді есіме

түсіру үшін өте пайдалы.

Ғаламтордан өзіме қызық онлайн кітаптарды оқимын. Кей-

де кино, мультфильмдерді көремін. Әйтсе де компьютерде көп

отырмауға тырысамын. Ата-анам да көп отыруға рұқсат етпейді.

Себебі компьютерде көп отыру денсаулыққа зиян. Компьютерді

күніне 2 сағаттан артық пайдаланбаған жөн.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота