В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Dasha20101111
Dasha20101111
28.07.2022 05:20 •  Қазақ тiлi

Оқылым. 9-сынып. Байлық дегеніміз не? Бесінші сыныпта «Байлық дегеніміз не?» атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар бір-
бірімен әңгімелесіп, өз ойларын айту үшін дайындалып жатыр. Мұғалім үстел бетіндегі қағаздарга
қарап, іске кірісті.
Балалар, байлық дегеніміз не?
Бірінші партада отырған Сәбит қолын көтерді.
Байлық дегеніміз – көп ақша, жаңа машина, — деп ойланып қалды.
Отыр, Сәбит. Тағы кім жауап береді?
Келесі Алмас қол көтерді.
Байлыққа қора-қора қой, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй жатады.
Мұғалім бұл жауаптарға көңілі толмағанын білдірді.
Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлаубек, сен айта қойшы!
— Байлық дегеніміз-кітап, білім,- деп жауап айтты.
Жарайды, отыра ғой. Жақсы жауап.
Біраз уақыттан бері қол көтеріп отырған Сәулеге де сөз берілді.
— Біздің үйде түрлі-түсті теледидар, бейнемагнитофон және жаңа үй жиһаздары көп. Байлық
дегеніміз осы.
— Жақсы, отыра бер.
Бұдан кейін Серік, Нұрболат, Құралай есімді оқушылар үйдегі байлықтарын ортаға салды.
Оқушылардың берген жауаптары мұғалім көңілінен шықпады.
Бір кезде оның көзі артқы партада үндемей, өзімен-өзі отырған Аманжолға түсті.
Аманжол, сен неге үндемей отырсың? Қане, байлық дегеніміз не? Айта қойшы.
Апай, мен бай емеспін. Мен үшін ең үлкен байлық – әкем мен анам, — деп жауап берді.
Мұғалімге оқушының жауабы қатты ұнады.
— Көрдіңдер ме, балалар, байлық дегеніміз тек ақша емес) Сендердің ең бірінші байлықтарың –
Аманжол айтқандай, ата-аналарың мен бауырларың, туысқандарың. Сондықтан әрқашан
отбасыларың аман болсын. Міне, байлық деген – осы.
Бұл жауаптан кейін ешкім қол көтермеді. Оқушылар ойланып қалды.
Мәтін бойынша тест тапсырмалары:
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Бірінші байлық дегеніміз не?
В) Отбасы тәрбиесі қандай?
C) Қалай бай болуға болады?
Д) Ашық сабақ қайда өтті?
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Сайлаубек байлықты кітап оқу деп түсінеді.
B) Балалардың байлық туралы түсініктері бірдей.
C) Сәуле байлықты теледидар көру деп түсінеді.
Д) Балалардың байлық туралы түсініктері жоқ болып шықты.
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) байлық, кітап, білім, жиһаз
B) мұғалім, ашық сабақ, оқушы, байлық
С) отбасы, байлық, теледидар, көзқарас
Д) байлық, ата-ана, ашық сабақ, бейнемагнитофон
4. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Байлық туралы Аманжолдың ойы қандай?
А) Адамға керегі – жиһаз, ақша..
B) Байлық дегеніміз – кітап, білім.
C) Өмірде ең басты байлық – әке-шеше.
Д) Адам үшін бірінші байлық – алты бөлмелі үй.
5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) Аманжолдың ата-анасы.
В) Отбасы басты байлық болып саналады.
C) Байлық-денсаулық кепілі бола алады.
Д) Мектепте ашық сабақ өткен.​

Показать ответ
Ответ:
pogosanitka2345
pogosanitka2345
14.02.2022 23:48
Судың өзіндік құндылығы жоқ, бірақ ол барлық тірі заттардың ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің планетамыздың тірі ағзаларының бірде-біреуі сусыз өмір сүре алмайды.

Судың барлығы өсімдіктер мен жануарлардың тірі:
балық - 75% -ға; медузы - 99%; картоп - 76% -ға; алма - 85% -ға; қызанақ - 90% -ға; қияр - 95% -ға; қарбыз - 96% -ға.

Жалпы алғанда, адам ағзасының салмағы 50-86% су (86% жаңа туған нәресте және 50% дейін егде жастағы). Дененің әртүрлі бөліктеріндегі су мөлшері:
сүйек - 20-30%; бауыр - 69% дейін; бұлшықеттер - 70% дейін; ми - 75% -ға дейін; бүйрек - 82% дейін; қан 85% дейін.

Бұл жағдай ғалым-фантастика жазушысы В.Савченконы «адамның өзін каустикалық натрийдің қырық пайыздық ерітіндісінен гөрі сұйықтық деп санауға негізі бар» деп айтуға мүмкіндік берді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
andrey100573p018xj
andrey100573p018xj
15.08.2022 20:55
Тіршіліктің көзі саналатын табиғат байлығы – ел байлығы. Ол үшін көрік берер жасыл желекті жайқалтып, өзен-көлді арнасынан асырып, қоршаған ортаны қорғай білу әр азаматтың борышы.
Адам табиғаттың төл перзенті, жара¬тылысында ұқсастықтары көп. Оларды бір-бірінен бөліп жаруға болмайды. Осы бір қарапайым қағидатты бойына сіңірген орманның туған жерге, атамекенге деген перзенттік махаббаты қалыптасады, сүйіспен¬шілігі артады. Аудан аумағында Семиозер және Басаман орман шаруашылығы бар. 
Біздің бағытымыз Бағаналы ауылы. Жол бойы жан-жағымызға қарап, орманның сұлу табиғатына көз тастап келеміз. Сүмбіл ақ қайыңдар, қарағай, мәңгі жасыл шырша жарыса аспанмен таласа өсіп, жасыл желекке оранған алқапқа өзгеше көрік беріп тұр. Табиғаты сұлу жер кімді болсын өзіне ынтықтырып, еліктіретіні анық. Осылайша тамашалап келе жатып ауылға жеткенімізді де білмей қалдық. 
Мемлекеттік мекеме орманды қамқорлыққа алып, ұқыпты қарап, қорғау және дайындаумен, қарағай бүрлерін өңдеумен айналысады. Негізгі өндіріс көзіне Бағаналыдан төрт шақырым жерде орналасқан питомник кіреді. Сондықтан бұл байлықты сақтау мен одан әрі жайқалту үшін кешенді жұмыстар ұдайы жүргізіледі. Орманның ең қауіпті қасіреті – өрт, сондықтан оның алдын алу және оған тойтарыс беру, заңсыз ағаш кесу мен ұрлыққа жол бермеу жұмыстары ұйымдастырылады.
“Басаман орман шаруашылығы мекемесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1954 жылы құрылды. Жалпы көлемі 44246 га жер, оның ішінде орманды алқап - 13146 гектар. Үш елді мекені, екі кордоны бар. 
Ауылға кіре бергенде алдымен екіқабатты мектеп ғимараты көзге түседі. Орман шаруашылығы мекемесінің кеңсесі, 150 орындық клуб, медпункт, пошта торабы бәрі бір жерде шоғырланған. Ұялы және радио байланысы бар. Елді мекенде 425 тұрғын - он бір ұлттың өкілі тұрады, соның 128-і еңбекпен қамтылған. 
Мекеменің бірінші директоры В.П.Мац, ол кісі орман шаруашылығының қалыптасуына елеулі үлес қосты. Ал А.С.Жирицкийді ауылдың негізін қалаушы деп атайды. Әр жылдары орман шаруашылығына біраз адамдар басшылық жасады. Шаруашылық жарты ғасырдан астам түрлі кезеңді бастан өткерсе де өз ісін жалғастырып келеді. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота