Оқылым «Астана-Бәйтерек» сәулет кешені
2002 жылы Астана төрінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұл
монумент қазақ елі тамырын жер түбіне жіберген бәйтеректей тарихы
тереңде жатқан ел екендігінің дәлелі.
Монументтің басындағы шар самұрық құсының жұмыртқасы
образында. Бірнеше жылда біррет қана жұмыртқалайтын самұрық құс
жұмыртқасын басарда қауіпсіз, тыныш орын іздейді. Міне, сол самұрық
қауіпсіз, тыныш әрі бейбітшіл жер деп Астананың төрін таңдап, алып діңгекті
бәйтерек ағашының басына жұмыртқалапты.
Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі – 97 метр, ХХ ғасырда
дәл осы жылы қазақтың елордасы Ақмолада шаңырақ көтерді. Бәйтеректің
сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады:
Бірінші бөлік – жерасты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен,
Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкциялары.
Үшінші бөлік -диаметрі 22 метр алып шар Самұрықтың алтын
жұмыртқасы. Бәйтеректің ең биік тұсы–97 метрдегі «Аялы алақан»
композициясына асықпайтын жан кем де кем, осында келгендердің бәрі оны
көргенше асығады. Онда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің
алақаны таңбаланған. Соған саусағың тисе «Менің елім» әуені шалқи
жөнеледі, бүкіл Қазақстан ән салып жатқандай. (146сөз)
}
1
1-тапсырма. Мәтіндегі 1 негізгі және 1 жанама ақпараттарды анықтаңыз
(Найдите одну основную и одну дополнительную информацию).
Негізгі
ақпарат
Жанама ақпарат
(основная
(дополнительная
информация) Hнформация)
2002 жылы Астана торiнде
«Астана-Бәйтерек»
монументісалынды
XX гасырда дәл осы жылы
қазақтың елордасы Ақмола да
шаңырақ көтерді.
2
1 ұпай
Мен осы жырдан керемет әсер алдым. Туған елге жерге деген махаббатым оянды десем де болады. Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады.
Қобыланды батыр - қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма. Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. “Қобыланды батыр” жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған. Сондықтан да, “Қобыланды батыр” жыры көп вариантты жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жазушылардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі. “Қобыланды батыр” жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. “Қобыланды батыр” жырының бізге 29 түпнұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырларға арналған. “Қобыланды батыр” жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (мыс., Марабай, Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл Сүйінішәлі, Дәулетше, т.б. нұсқалар) аталған. Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі, халық арасына кең тараған, ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар. Бұл – мазмұны жағынан, көркемдік сапасы жөнінен болсын биік, оқшау тұрған жыр. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы. 1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар “Қобыланды батыр” жырын жазып алған. Оның ең көркем, ең қызық бір тарауын Қобыландынң Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы баслып шыққан “Қырғыз хрестоматиясына” енгізді.
Қожанасыр – түркі халықтары арасына кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері. Күлдіргі әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер Орта, Кіші, Алдыңғы Азия, Африка, Арабия, Греция, Румыния, Сербия, Бария, Еділ бойы, Оңтүстік Кавказ халықтары фольклорында, Қытайда Қожанасыр, Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген есіммен кең тараған. Мұның өзі Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелердің ортағасырдың алғашқы дәуірінде Азия, Еуропа, Африканың арасындағы мәдени-экономикалық, қарым-қатынастары күшейген шағында пайда болғандығын аңғартады. Қазақ ауыз әдебиетінде ірі сюжетті күлдіргі әңгімелер бір елде Қожанасыр екінші елде Алдар көсе атымен әңгімеленуі мүмкін. Бұл екі кейіпкер үнемі бір-бірін толықтырып отырады. Қожанасыр туралы айтылған күлдіргі әңгімелер қысқа тұжырымды сюжеттер мен оқиғалық логика принципі бойынша біріккен эпизодтардан құралады. Қожанасыр негізінен, түрік, әзірбайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт, т.б. түркі халықтарының арасынан шыққан және бүкіл Азия мен Еуропа халықтарына сіңіп кеткен. Достық сипаттағы кейіпкерлер.