В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
catlolhd14
catlolhd14
21.11.2021 22:30 •  Қазақ тiлi

ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 7-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұн желісін толық баяндамай, етістіктер тізбегімен айт.

Показать ответ
Ответ:
Ненике
Ненике
24.03.2023 16:01

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.

Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,

Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.

Ақыл анық байқаған қылығыңды,

Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.

Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,

Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.

0,0(0 оценок)
Ответ:
zlatapitch1234
zlatapitch1234
13.08.2021 01:13

Сан есімнің емлесі сөйлемдердегі сан есімнің сауатты жазылуын қамтамасыз етеді. Бұл қарапайым ережелерді білу - заманауи адамның парызы.

Сан есімнің емлесі:

Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, бір мың тоғыз жүз сексен бес т. б.

Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.

Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ X класс, XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.

Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 1992 жыл 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл т. б.

Екі, алты, жеті деген сандарға жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: екі — екеу, алты — алтау, жеті — жетеу:

Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: 100-деген, 1000-дап, сағат 5-терде т. б.

Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу үй, 40—50 үй т. б.

Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, тарта, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы, елуге тарта, 40-қа таман, он бір жарым, 2 жарты, бір ширек т. б.

Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-оннан, 10—15-тен, 20—20-дан т. б.

Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есімдер зат есімше септеледі.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота