В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dbd2
dbd2
13.04.2021 12:06 •  Қазақ тiлi

Оқылым Екі күн бойы Астана қызу жыр додасын тамашалады. Бір-бірінен кем түспейтін 20 ақын аламанға түсті.

Қазылар алқасын Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет басқарды. Құрамында белгілі ақын Жүрсін Ерман, Моңғолиядан келген зерттеуші ғалым Шынай Рахметұлы, Түркиядан келген ғалым Әбдуақап Қара, Халық ақыны Әсия Беркенова, Еуразия университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, белгілі публицист, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп бар. Қазылар алқасының шешімімен, 20 ақынның ішінен оза шапқандар жүлделі орындарға ие болды. Үш бірдей ақын үшінші орын: Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов, Серік Қойшығұловқа бұйырса, екінші орын Мейірбек Сұлтанхан мен Рүстем Қайыртайұлына берілді. Финалда бір-бірінен кем түспеген екі ақын: Мұхтар Ниязов пен Ринат Заитов та бас жүлдені қанжығасына байлады. Жүлде қоры да қомақты: ынталандыру сыйлығын алған ақындар 500 мыңнан жүлдеге ие болды. Көпшілік те дән риза, жүлде алған ақындар да риза.

«Айтыс – халықтың рухын көтеретін өнер» екенін үнемі айтып жүреміз. Бірақ соңғы кездері айтыскерлер де «қуланып» алды. Үнемі айтыстарда қайталанып келе жатқан «бір тіркестер» бар. Оны ақынның өзі де біледі, көрерменнің өзі де сезеді. Бұл – бір. Екіншіден, ақпаратты толық зерттемейді. Әлеуметтік желіде «хит» болған тақырыпқа әуес. Трендтегі дүниені қозғасақ, көп «ұпай» жинаймыз деп ойлайды. Үшіншіден, көрерменге не ұнайтынын білетін кей «актер» ақындар бар. Әлеуметтің әлсіз тұсын тиімді меңгерген. Сол арқылы өзіне «бедел» жинайды. Ақынның бұл «ойыны» өзіне ұтыс әкелгенімен, абырой әпермейтінін ескерсе дейміз.

1. Мәтіннің жанрын көрсетіңіз.

a) мақала

b) пікір

c) әңгіме

d) эссе

[1]

2. Мәтін қандай стильде жазылған?

a) Көркем әдеби стильде

b) Ғылыми-публицистикалық

c) Күнделікті ауызекі

d) Публицистикалық

[1]

3. Мәтін ақпаратына тән белгілерді көрсетіңіз.

a) Оқиға, оқиғаны баяндау

b) Факті, автордың субъективті көзқарасы

c) Тек қана субъективті көзқарас

d) Автордың ішкі сезімін баяндауы

[1]

4. Автор айтыскерлердің қандай кемшіліктерін сынға алады? Екі мысал келтіріңіз.

1)

2)​


Оқылым Екі күн бойы Астана қызу жыр додасын тамашалады. Бір-бірінен кем түспейтін 20 ақын аламанға т

Показать ответ
Ответ:
sukhovershaya
sukhovershaya
15.11.2022 12:05

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода , элегия , , сонет , т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай ( аңшылық , төрт түлік , наурыз өлеңдері ), ескілікті наным-сенімге байланысты ( бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі ( салт , үйлену , мұң-шер өлеңдері), қара өлең , тарихи өлең , айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара , меңзеу , салыстыру , жұмбақтау , астарлау , бейнелеу , теңеу , ұқсату , т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат , махаббат және философия түрлерге жіктеледi.

0,0(0 оценок)
Ответ:
silva78
silva78
09.01.2023 07:38

Ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр деген тұжырыммен келісесің бе?

Бұл тұжырыммен келісемін. Иә, су – бар тіршіліктің көзі, табиғаттың айырып ала алмас бөлігі. Сусыз өмір өлді, солды деген сөз.

Расында, ішуге жарамды су қоры азаюда. Себебі Жер бетіндегі халық саны күн санап артуда. Әрине, су – табиғатта жүретін айналымның нәтижесі. Бірақ адамдардың оны шаруашылықта, өндірісте, тұрмыста есепсіз қолдануы, ауа райының құрғауы су қорының азаюына әкелді. Оған тіпті дәлел де жоқ емес.

Сахараның төменгі бөлігіндегі Африкада 340 миллионға жуық адам ауыз суға зәру. Жарты миллиард африкалықтар тұратын елді мекендерде кәрізді тазарту қондырғылары жоқ. Дамушы елдердегі аурулардың 80% -ы дерлік сапасыз суды пайдалану салдарынан болады. Олар жылына 3ш миллион адамның өмірін қияды. Күн сайын «жуылмаған қолдардың ауруларынан» бес мың бала қайтыс болады: әр 17 секундта бір бала! Суды тазарту, гигиена және суды тиімді басқару арқылы әлемдегі аурулардың 10% -ын болдырмауға болар еді.

Егер қол қусырып отыра берсек 2030 жылға қарай бес миллиардқа жуық адам, яғни әлем халқының 67% -ы ауыз сусыз қалады. Сондықтан өзімізден бастап үнемдейік, қоқсытпайық, тиімді қолданайық.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота