Оқылым мәтіні. Мәтінді мұқият оқыңыз. Тапсырманы орындаңыз. Внимательно прочитайте текст. Выполните следующие задания. (Мәтін оқушылар деңгейіне бейімделген) 1-мәтін Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды. 2-мәтін Ауылда тіршіліктің бастауы от жағумен басталды. Сиыр сауылып өріске жіберілейін деп жатқан сәт. Қойлар да ауыл маңындағы жайылымға шығарылды.Түнімен қорада тұрып ашыққан қойлар ентіге жайылуда. «Жақсы ит иесінің көзі, құлағы» демекші иесінен алыстамай, қойды торауылдап жүрген ақылды ит бейнесі. Ауылға қайта оралдық, бірінші болып көзімізге қора қиын тазалап жүрген Тоқтар аға көрінді. Ат басын ауылымызда жаңа ашылған балабақшаға бұрдық. 1.Мәтіндерге тақырып қойыңыздар. Озаглавьте тексты . 1-мәтіннің тақырыбы: [1] 2-мәтіннің тақырыбы: [1] 2.Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңыздар. Напишите сходство и различие двух текстов Ұқсастығы(сходство): [1] Айырмашылығы(различие): [1] 3. Отбасы дегеніміз не? Сұраққа толық жауап беріңіз. Что такое семья? Дайте полный ответ на вопрос Оқушының жауабы:
[1]
4. Берілген мәтіндердің ішінен мақал-мәтел тауып жазыңыз. Из представленных текстов найдите пословицу/поговорку.
Оқушының жауабы:[1]
5. Сын есімдерді қатыстырып, бір күндеріңіз туралы күнделік жазыңыздар(40-50 сөз). Соблюдая правило введения дневника, напишите историю из одного своего дня используя прилагательные(40-50 слов).
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!