В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
jiohjb
jiohjb
08.02.2021 04:25 •  Қазақ тiлi

Оқылым. Мәтінді мұқият оқы. Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген
керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.
Жібек Жолы б.з.д ІІІ ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет
етті. Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-
ойрандардың куәсі болды. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам, Түркістан, Суяб, Баласағұн т.с.с көне
қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін.
Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған
тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. А.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Саудамен қатар, бұл аймақта
білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік
туризм орталығына айналды.
1-тапсырма. Оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпараттарды
аныкта:
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1.
1.
2.
3.
3.

Показать ответ
Ответ:
Леся059
Леся059
01.05.2020 04:45

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ

 

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан берітойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.

Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.

Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің 79 гимназияда Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде "наурыз" тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді беріледі. Сахнада наурыз мерекесіне арналып көріністер қойылады. Гимназияда "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтеді. Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.

 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түнтеңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, а құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Ұлыстың ұлы мерекесiн тойлауға халқымыз биыл 13-рет дайындалып жатыр. «Ұлт жоқ. Ұйысқан Одақ қана бар» деген Кеңестiк дәуiрдiң солақай саясаты 1926 жылдан 70 жылдай ұлт мерекесiн терең зындан түбiнде бұғаулап ұстағанын бiлемiз. Одан кейiнгi ашаршылық жылдары, Ұлы Отан соғысы, ұлт зиялылары мен ұлт құндылықтарына қарсы дүркiн-дүркiн шабуылдар халқымыздың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрпының үкiсiн қисайтуға тырысып бақты. Тiптi, ашаршылық жағадан алған тұста жарапазан - жас балалардың нан сұрап жеу тәсiлiне айналғаны шындық. Елiмiздiң солтүстiк бөлiгiнде көрiсу ғұрпы санадан өшкен. Ал 31 желтоқсан түнi Жаңа жылды табалдырықтан аттатқан кейбiреу төл мейрамды мойындамайды да. Мұның бәрiн бүгiнгi жастың кемшiлiгi деу жөн бола қоймас. «Бала жасындағысын ұмытпайды». Көнекөз қариялар - салт-дәстүр сабақтастығының соңғы буыны. Ал 70 жыл идеология құрбаны болған мерекенiң көптеген ырым-жоралғылары кейiнгiлерге таныс емес.
Наурыз - кей бiлгiштердiң жаңалық ашып, онысымен жұртты адастырып жүргенiндей, дiни мереке емес. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бүкiлхалықтық Жаңа жыл. Оны Иран, Ауғанстан, Үндiстан, Кавказ және Орта Азия халықтары төл мерекесi ретiнде тойлайды. Алайда, «Әр елдiң салты басқа, итi қара қасқа» демекшi, дәстүр өзгешелiгi де орын алған.
Халқымыз жаңа жылға ертеден дайындалатын. Қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға саламын деп сақтаған.
Жас келiндер, бойжеткендер болса, кесте, орамал тiгiп, бозбалалар жағы ағаштан тұрмыс бұйымдарын жасап, темiрден сәндiк бұйымдарын соққан. Мұның бәрi - күн мен түн теңесетiн шақта кәдеге асатын «ұйқыашар», «селт еткiзер» жоралғыларының сый-тартулары. Көктемгi «өлiара» өтiсiмен, ата-бабамыз үй айналасын тазартып, қалың қар тiгiсi сөгiлген жайылымға мал шығарған. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сенiм бойынша, үй-iшiн де қағып-сiлкiп, отпен аластайды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
folaelena1
folaelena1
07.10.2020 21:56

ҚОРҚЫТ АТА  КІТАБЫ

 

 

Бұл көне заман мұрасы туралы айтудан бұрын Қорқыт атаның өзі кім болғанын айқындап алу дұрыс. Қорқыт – VIII ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, көптеген аңыздардың кейіпкері.

Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата өзінің жүйрік жел маясына мініп алып, халқына мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайсар күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында "өлмейтін нәрсе жоқ екен" деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты Корқыт атаның сиқырлы күйлері, ұлағатты сөздері, мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келеді.

"Қорқыт атаның кітабы" осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда (Ватикан) алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Оны зерттеп, қазақ жұртына кең таныстыруға ат салысқан ғалымдар: Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Б.Ысқақов, М.Жолдасбеков, X.Сүйіншалиев, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева, т.б.

"Қорқыт ата кітабының" жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін, үйін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі.

"Қорқыт ата кітабының" қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазанбектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Қазанбек – Қорқыттың өзі сияқты тарихта болған адам. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазанбектің әйелі Бөрілі сұлу, оның ұлы Оразбек, күш-қуаты өзінен кем түспейтін қалыңдық іздеген алып Қан-Тұралы, әкесін жау тұтқынынан босатқан ер Жүгенек, оғыз елінің шекарасын жаудан қорыған Бегіл мен оның ержүрек, әділ ұлы Әмірен, ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т.б. кейіпкерлер ерлік пен ізгілік танытады. "Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы" жырда ұрпақтардың жалғасуы үлкен мәселе деңгейінде көтеріледі. Ата-ана мен олардың ұлы Бұқаштың өзара құрметі мен махаббаты жауыздық пен опасыздықты жеңіп шығады. Бұқаш жау қолынан әкесін асқан ерлігімен құтқарып алады.

Қорыта айтқанда,  "Қорқыт ата кітабы" – әр түрлі жырлардың жинағы бола тұрып, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отыратын аса мәнді кітап, әдебиетіміздің тарихынан Қорқыт ақынға жоғары орын алып беретін туындылар топтамасы.

 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота