І.Оқылым Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.
Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі . Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды. Астана қаласы Зияткерлік мектебі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық SAT1 емтиханнан қорытынды 1586 құрады, әлемде орташа - 1200 (ең көбі -1980 ), ал SAT2 орташа - 1720, әлемдегі орташа - 1250 (ең көбі - 2200). Ағылшын тілінен IELTS емтиханынан орташа - 6,2 (5,7 - өткен жылы). Тек бір оқу жылының ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жеңістер екі есе көбейді. Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Иель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындар бар. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 1.Назарбаев Зияткерлік мектептерінің модельдерін жазыңыз.
2.Қандай пәндерді үштілде оқытады? Неліктен? 3.Қандай атақты жоғары оқу орындары туралы айтылады? Астына жазыңыз.
II.Жазылым. «Батыр туса- ел ырысы» тақырыбын эссе түрінде талқындаңыз. 120-140 сөз. Жазылымда одағай сөздерді қолданыңыз
Шахмат ойынын мектеп багдарламасына енгизу туралы ангимелер билик тарапынан сонгы кезде айтылып жургени де жасырын емес. Бул балалардын математикалык ойлау кабилетин дамытатыны созсиз. Жас жеткиншектер осы ойынга деген кызыгушылыгын арттыру максатында жакында Шынгырлау аудандык балалармен мектептен атынан 3- барып катыскан болатын. Онын екеуи 1 орын иеленипти. калагндарын билмедим.Финалдык тартыстын кызыкты болганы соншалык, оган катыскан Мирас пен Санжар бирин бири ала алмай койды. сондыктанда олардын екеуине 1 орынды берди. Сайыс сонында марапатттау басталды. Катыскан балалардын барлыгынын конили толды. Орын алмагандарга Алгыс хат берди. Барлыгмыз уйге куанып кайттык.
Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.