В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Kurlyk111
Kurlyk111
22.10.2020 08:13 •  Қазақ тiлi

Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Су - тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен. Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен. Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана 17 ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар. Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.
1-тапсырма.Мәтінге сүйеніп,ақпараттың дұрыстығын анықтаңдар.

Ақпараттар
дұрыс
қате
1
Су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды

2
Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді

3
Ауыз судың 5 пайызы мұздықтарда сақталған

4
Әлемде ауа тапшылығы мәселесі бар.

[1]
2-тапсырма. Сандарды сөйлетіңдер.

Сандар
Сөйлемдер
1
40-50 литр

2
83 пайызы

3
75 пайызы

4
74 пайызы

5
22 пайызы

6
20 пайыз

7
70 пайызы

[2]
3-тапсырма.Әр сұраққа үш нұсқаның ішінен 1 дұрыс жауапты тап.

Сұрақтар
Жауаптары
1
Судың қандай қасиеті бар?
Ұйқыны қалыпқа келтіреді

Иммунитетті нашарлатады

көздің жаман көруіне ықпал етеді
2
Үлкен адамның денесінде қанша литр су болады?
Үлкен адамның денесінде 20-40 литр су болады.

Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады.

Үлкен адамның денесінде 30-50 литр су болады.
3
Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар неге шалдығады?
Жер бетінде жүздеген адамдар түрлі ауруларға шалдығады.

Судың жетіспеуінен адамдар түрлі ауруларға шалдығады.

Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады.
[1]
4-тапсырма. Жақшадағы дұрыс нұсқасын таңдап жаз.
• Дәрумендер мен минералдардың (таралуын,берілуін,жеткізілуін) реттейді.
• Ауыз судың 2 пайызы (мұздықтарда,шөлдерде,жазық далаларда) сақталған.
• Ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана 17 (ащы суды,тұщы суды,ауыз суды) пайдаланады.
[1]
5-тапсырма. Психолог Масару Эмото суға қандай баға берді?
Сөйлемдерді рет-ретімен қойып жазыңдар.
1. Су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды,
2. «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады»,
3. иммунитетті күшейтеді.
4. дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді,
5. көздің жақсы көруіне ықпал етеді,
6. ұйқыны қалыпқа келтіреді
[2]
Жазылым. «Су-тіршілік көзі немесе адам ағзасына судың қандай пайдасы бар?» деген сұраққа 40-50
сөзден тұратын жауап жазыңыз. [8]
Бағалау критерийі

тапсырма
Дескриптор
Білім алушы

Дағды: оқылым

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4-тапсырма

5-тапсырма

Мәтінге сүйеніп,ақпараттың дұрыстығын анықтаңдар

1

Сандарды сөйлетіңдер
2

3. Әр сұраққа үш нұсқаның ішінен 1 дұрыс жауапты тап

1

4. Жақшадағы дұрыс нұсқасын таңдап жаз.
1

5. Сөйлемдерді рет-ретімен қойып жазыңдар.

2
Дағды: жазылым

«Су-тіршілік көзі немесе адам ағзасына судың қандай пайдасы бар?» деген сұраққа 40-50
сөзден тұратын жауап жазыңыз.

жазылым

Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда есімдік түрлерін, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

8

Барлығы

15

Хелпп Это СОС

Показать ответ
Ответ:
Louis12
Louis12
23.01.2021 14:38

1-тапсырма.

1.Дұрыс.

2.Дұрыс.

3.Қәте

4.Қәте.

2-тапсырма.

1.Адам денесінде 40-50литр су бар.

2.Қанның 83пайызы судан тұрады.

3.Бұлшық еттердің 75пайызы судан тұрады.

4.Мидың 74 пайызы судан тұрады.

5.Сүйектердің 22пайызы судан тұрады.

6.Ағзаға 20пайыз су жетіспесе қауіп төндіреді.

7.Жер бетінің 70пайызы судан тұрады.

3-тапсырма.

1.Ұйқыны қалыпқа келтіреді.

2.Үлкен адамның ағзасында 40-50литр су .олады.

3.Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар ауруға шалдығады.

4-тапсырма.

1.таралуын.

2.мұздықтарда.

3.Ауыз суды.

5-тапсырма.1.

1.Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады.

2. Су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды.

3.Ұйқыны қалыпқа келтіреді.

4.Көздің жақсы көруіне ықпал етеді.

5.Иммунитетті күшейтеді.

6.Дәрумен мен минералдардың таралуын реттейді.

2.Су-тіршілік көзі.

Біздің өмірімізде судың қажеттілігі зор.Сусыз тіршілік жоқ.Біз үнемі суды қолданамыз.Жуынуға,ішуге,ас дайындауға,кір жусақта бізге су керек. Егінге,бау-бақшаларғада су молынан пайдаланылады.Әлемдегі су 70 пайызды құрайды екен.Ал біздің ішуімізге 3 пайызы ғана жарайтын көрінеді.Судыңда сұрауы бар.Балалар суды үнемдеп қолданып жүрейік.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота