І. ОҚЫЛЫМ Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.
(150 сөз)
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. [1]
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз баяғыда [1]
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1. Жылқы нені армандайды?
[1]
2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты?
Әрқайсымыз үшін бұл өмірде ата – анамыздан жақын әрі ыстық адам табылмас. Ата – анамыз біздерге осы өмірге келуімізге себепші болып, жарық дүние сыйлады. «Анадан асыл бар ма жан?» демекші, аналарымыз түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткізді.Осы орайда ойыма «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал түседі.
Сонымен қатар, ардақты әкелеріміздің де орны бөлек. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бала тәрбиесінде, отбасында әкенің қамқор, тірек, асыраушы ретінде алатын орны ерекше.
Менің ойымша баланың ата – ана алдындағы ең бірінші парызы – бұл кісілерді сыйлап, олар үйреткен тәлім - тәрбиені есте ұстап, ешқашанды жерге қаратпау. Ата – ананы сыйлау кішкене күннен қалыптасып, есейе келе ата – ана мен бала арасындағы достық қарым – қатынасқа ұласады. Өз басым ата – ананы сыйлау дегенді былай түсінемін: үлкендердің айтқанын екі еткізбей орындау, үлкен кісі сөйлеген кезде сөзін бөлмеу, қарсы жауап қайтармау. Ата – ананы сыйлау – бұл біздің перзенттік парызымыз.
Ендеше әкелеріміз бен аналарымыз – өмірдің мәні де сәні екенін есте ұстап,ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі, дәнекері екенін ұмытпайық!
Астана
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы. Дәл осы жерде ең маңызды саяси және экономикалық оқиғалар өтеді.
Алматы
Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал.
Шымбұлақ
«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Жайлы климат, шуақты күндердің көптігі, тұрақты қар жамылғысы және табиғаттың таңғажайып көрінісі бұл жерге қысқы спорт түрлерін жақсы көрушілерді ғана тартып қоймайды.
Түркістан
Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Оның ең басты көрнекті жері V ғасырда іргесі қаланған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ол сол заманның ерекше сәулет туындысы болып табылады.