В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
мариатмими
мариатмими
11.09.2020 09:30 •  Қазақ тiлi

Оқылым. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша төменде берілген сөйлемдердің дұрыс (+)/дұрыс емес (-) екенін белгіле. [3]

Мен және менің достарым
Сәлем, достар! Менің атым – Ержан, фамилиям – Досанов. Мен Алматыда туғанмын, бірақ қазір Астанада тұрамын. Себебі менің ата-анам Астанада жұмыс істейді. Маған Астана қаласы ұнайды. Мен өте жақсы мектепте оқимын. Мектепте менің достарым көп. Олар ақылды, білімді және көңілді балалар. Біз бірге сабақ оқимыз, демаламыз. Біздің демалыс күніміз өте қызықты өтеді.
Қазір біз кітапханада отырмыз. Бүгін біз 1-сынып оқушыларына көмектесеміз. Менің қасымда екі оқушы отыр. Мен оларға ертегі оқып отырмын, олар мені тыңдап отыр. Бірінші бала өте жақсы түсінеді, маған сұрақтар қояды. Екінші бала да жақсы тыңдайды, жақсы түсінеді, бірақ көп сөйлемейді. Екі бала бір-біріне ұқсамайды. Балаларға ертегі ұнады. Қазір біз осы ертегі бойынша шығарма жазамыз.

р/н сөйлемдер дұрыс дұрыс емес
1. Ержан Астанада дүниеге келген.
2. Ержанның ата-анасы Астанада жұмыс істейді.
3. Ержанның достары – ақылды, көңілді балалар.
4. Қазір балалар асханада отыр.
5. Ержан ертегі тыңдап отыр.
6. Бірінші бала көп сөйлемейді.
7. Екі бала ертегі бойынша мульфильм көреді.

Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талда. [3]
Сөз табы Құрамына қарай Тұлғасына қарай Мағынасына қарай қосымша
Ержан

ЖАЗЫЛЫМ
1) Сұраққа жауап бер. Жаз. [3]
Қожа қандай бала? (Неге?) [1]

Жанар қандай қыз? (Неге?) [1]

Менің ойымша, ... [1]

Мәтінді қайталап оқы. Тест сұрақтарына жауап бер. [3]
Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер – үлкен маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында табалдырық – қасиетті ұғым. Ол – үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық – бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық – бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» деп кіргізеді.

1. Тыйым сөздер арқылы балаларды неге үйреткен?
А) жақсылыққа үйреткен
Ә) жамандыққа үйреткен
Б) әдепсіздікке үйреткен
В) жалқаулыққа үйреткен
2. Табалдырық қазақ халқында қандай ұғым болып саналады?
А) үлкен ұғым
Ә) жақсы ұғым
б) жаман ұғым
В) қасиетті ұғым
3. Табалдырық – ненің шегарасы?
А) үйдің сырты мен ішінің шегарасы
Ә) жамандық пен жақсылықтың шегарасы
Б) алды мен артының шегарасы
В) ақ пен қараның шегарасы
4. Бақыттың белгісі не?
А) уық
Ә) кереге
Б) табалдырық
В) есік
5. Табалдырыққа байланысты тыйым сөзді табыңдар
А) «Үлкендерге сөз қайтарма»
Ә) «Қоғамдық орындарда қатты сөйлеме»
Б) «Табалдырықты баспа!»
В) «Нанды баспа!»​

Показать ответ
Ответ:
sedvl
sedvl
15.11.2020 12:03
:3, блин на днях только братишка что то подобное делал
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота