Оқылым. Мәтінді оқыңыз, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Махамбет Өтемісұлы — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы,
отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837)
ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы — Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлының атқарған рөлі зор. 1939 жылы Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.
1Мәтінге ат қойыңыз.
2Мәтіннен антоним сөздерді табыңыз:
Шақырды-
Меңгермеген-
3Мәтіннен 5 жалқы есімді сөзді жазып алыңыз.
1.
2
3
4
5
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/161153-otbasy-qundylyqtary-dgane-ulttyq-tarbie
© egemen.kz
Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап өткендей, жыл сайын елімізде кем дегенде 6 млн шаршы метр жаңа үй пайдалануға беріліп отыруы керек. Президент бірінші кезекте жарты миллионнан астам жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Пәтер мәселесін шешу үшін 1 млн шаршы метрге жуық жалдамалы тұрғын үй салуымыз керек. Және халыққа таңдау құқын беруіміз керек. Олар табысы орташа тұрғындарға арналған жалдамалы пәтерді ала ала ма? Әлде басқа мүмкіндіктер қарастыру керек шығар?
Бағдарлама жобасында бірнеше бағыт қарастырылған. Олар: жергілікті атқару органдарының «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы тұрғын үй салуы, кезекте тұрғандар мен жас отбасыларға арнап жалға берілетін үйлер салу, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры салатын тұрғын үйлер салу, дербес тұрғын үйлер, бюджет есебінен тартылатын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар.
Жоғарыда аталғандардың ішінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» (ТҚЖБ) арқылы жас отбасыларға арнап салынатын жалдамалы үйлер мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының үйлерін осы жолғы бағдарламаның жаңалығы деуге болады.
Жас отбасыларға арнап ТҚЖБ арқылы жалдамалы үйлер салу жобасын алып қарайық: бағдарламаға қатысушы банкте 8,5 жыл қаржы жинақтағаннан кейін жалға берілетін пәтерде тұра береді және оның коммуналдық шығындарын ғана төлейді. Жалдамалы пәтер құнының қалған 50 пайызын жинаған жас отбасы пәтерді сатып алады. Ол үшін пәтердің жарты ақшасын ТҚЖБ теңгемен, жылдық 4 пайыз мөлшерлеме негізінде 15 жылға несиеге береді. Аталған бағыттың басты артықшылығы - тұрғын үйді сатып алу үшін қосымша қаржы көзін іздеуді қажет етпейтіндігінде (ТҚЖБ-іне бюджеттен қаржы бөлудің қажеті жоқтығында).