ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ 11
-тапсырма.
Жұптық жұмыс. Мәтінді оқыңдар,
оны ары қарай жалғастырып, кеңейтіп
жазыңдар.
Мен осы тақырыпты оқу арқылы әлемге
даңқы тараған ержүрек патшайым –
Томирис туралы білдім. Томирис — сақтың
патшайымы. Бейбіт өмірді қалайтын
патшайым парсының патшасы — Кирді
келісімге шақырады.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.