ОҚЫЛЫМ. ЖАЗЫЛЫМ 7-тапсырма. Мәтінді оқып, Қазақстандағы су ресурстарының бөлінуін пирамидаға өсу деңгейімен жаз. Оны баянда. Шығыс аймаққа су ресурстарының 34,5%-ы тиеді, оңтүстік-шығысқа — 24,1%-ы, оңтүстікке 21,2%-ы, батысқа — 13,4%-ы, Солтүстікке орталық аймақтарға 2,6%-ы тиеді. - 4,2%-ы,
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.