В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
eldos4
eldos4
11.06.2020 04:37 •  Қазақ тiлi

Оқылым
1.
Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар дайындаудар.
«Фантастика сові грек тілінен аударғанда «қиялдау» (phantasia), «кие
үөнері» (phantastike) деген мағынаны білдіреді. Бұл - шындық өмірден ерек
меленетін табиғаттың тылсым күштері және жаңа техникалық құралдардын
гажайып құпия сырлары мен мүмкіндіктері туралы қиялдан туындайды.
Сондықтан фантастикада екі түрлі бағыт бар. Біріншісі - орта ғасырдан бері
келе жатқан жердің асты мен үстіндегі сиқырлы, тылсым күштердің адамзат
әміріне ықпалын көрсететін бағыт. Екіншісі - жаңа техникалық құралдар
арқылы жаратылыстың құпия сырларын пайдаланып, болашаққа болжам
жасайтын ғылыми басымдыққа ие бағыт. Осы бағытта жазған жазушы-фан-
тастардың болашаққа жасаған болжамдарының кейбірі шынайы өмірде орын
далып жатқаны белгілі.
Ғылыми фантастика (ағылшынша «science fiction» - ғылыми болашақ) -
ХХ ғасырда көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер сала-
ларында қалыптасқан жанр. Ғалым К.Г.Фрумкин: «Ғылыми фантастика
техникалық, тарихи, әлеуметтік тұрғыда болғанымен, онда сиқыр күші
кездеспеуі тиіс. Себебі ғылыми фантастикада ғылым мен техника жетекші
орынға ие», - деген,
Fылыми-фантастикалық шығармаларда міндетті түрде ғылыми-техни
калық жетістіктердің адам өміріне әсері көрсетіліп, көбіне басқа ғаламшарға
саяхат пен аспан әлемінде орын алған оқиғалар, роботтар, жаңа технологиялар
сипатталады. Жаңа техникалық құрылғылардың пайда болуы және ғылым
саласындағы түрлі жетістіктердің нәтижесінде ғылыми фантастиканың, асаң
түрлері пайда болуда.
(group global.org syrtky anturazh-turgysyndagu gulumi fantastika
Жазылым
Кос жазба күнделігі» арқылы мәтіндегі негізгі ұғымдарға түсіндірме жазыңдар.
үзінді
Түсіндірме (комментарий)

Показать ответ
Ответ:
elizavetanosova2000
elizavetanosova2000
16.03.2022 02:45

Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.Менің туып өскен жерім Қарағанды. Барлық керемет кездерім менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Бүгінгі таңда Қарағанды шаhары ең ірі қалалардың бірі болып саналады. Себебі, жерінің көлемі жағынан да, жер қойнауындағы қазынасы жағынан да алғашқы орындарды иемденеді.Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан. Сонымен қатар, бұл қала - елімізге еңбегі сіңген көптеген ірі тұлғаларымыздың, ақын-жазушыларымыз бен әншілеріміздің туған өлкесі.Менде өскенде осы аға-апкелеріміздей ұлы тұлға болатыныма сенемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Anuffka
Anuffka
26.04.2020 21:11

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.

Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.

Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)

Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.

Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық, көбелек, ботамойын, түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота