В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
katyamm11
katyamm11
24.06.2021 04:56 •  Қазақ тiлi

Оқжетпес туралы аңЫП Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын
нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Окжетпес» тасының
жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол
«Оқжетпес» жартасының калай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз.
Ал аңыз былай дейді:
Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Окжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес
туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала
күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең
жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік
заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайкасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін
қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдет,
Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады.
Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ.
Айларға созылған соғыстың салдарынан Окжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде
жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей
орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең акырында әлі кетіп, акыры демі бітті-ау деген
кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа
қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй
тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы
Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес,
шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.
1) Батыр бала күнінде қандай болған?
2) Батыр алган жарақатын қалай емдеген?
3) Окжетпес қалай тасқа айналған?
4) Бастапқы болжамын түпнұсқаға сәйкес келді ме? Қай тұстары?​

Показать ответ
Ответ:
QuellTT
QuellTT
09.10.2020 12:34

аллегория, (көне грекше: allёgorіa — астралап, пернелеп айту), — оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типология ортақ бейнелер Аллегорлау арқылы беріледі.

Мысал. Абайдың мысал өлеңдері И. А. Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап, бағалағанда бір жайды толық ескерту қажет. Олар толық мағынасында аударма емес, көбіне белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай орысша мысалдың тексін дәлме-дәл тәржімалауды мақсат етпеген, негізінен оқиға желісін сақтай отырып, мысалдағы жай-жағдайларды қазақөміріне, уғым-тұсінігіне, ойлау, сейлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше бейнелеуге үмтылған. Сондықтан Абайдың мысал өлеңдерін орысша текске сәйкестігі түрғысынан қарап, ана жері дәлтұскен, мынажері дәлемес, кемтұскендеудің ешбір қисыны жоқ.

Ахаң туралы: «Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мәдениет­тің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде-бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде-бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен «Әдебиет танытқышты» жазып шықты» деп, Ахаң туған топырақта дүниеге келген қазақтың көрнекті ақыны Сырбай Мәуленов жазғанындай, оның қаламынан туындаған шығармаларының қай-қайсынан да хас зергердің қолынан шыққан әсем бұйымдай мінсіз, қисынды баламалар молынан табылады. Тіл, әдебиет зерттеушілері Ахаң жасаған атауларды сала-салаға жіктеп, ол жөнінде айтып та, жазып та жүр. Оның сөз тудыру шеберлігі мен қазақтың сөзжасам, терминжасам саласының дамуына қосқан үлесі, тәжірибесі туралы арнаулы зерттеу еңбектері де жазылды. Соған қарамастан, Ахаңның шығармашылығына үңілген сайын оның қаламынан туындаған өз заманының жаңа атаулары мен қолданыстары әлі табыла береді. Осының өзі біздің тіл мамандарының, А.Байтұрсынұлының шығармашылығын зерттеуші ахметтанушылардың алдында әлі де ғалым мұрасын жан-жақты әрі терең зерделей түсу міндеті тұрғанын аңғартады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
лупапупа
лупапупа
04.06.2022 05:44

Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота