В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
sinikyn1001
sinikyn1001
29.05.2021 15:16 •  Қазақ тiлi

ОЧЕНЬ
Сөйлемде анықтауыш қызметін атқаратын сөз қай септікпен келеді?
a)
шығыс
b)
барыс
c)
ілік
d)
көмектес
e)
табыс
Вопрос
2. / 25
«Кепілхат», «сенімхат» стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіздер.
a)
ауызекі сөйлеу стилі
b)
ғылыми стиль
c)
көркем әдебиет стилі
d)
ресми іс қағаздар стилі
e)
публицистикалық стиль
Вопрос
3. / 25
Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыздар.
a)
Ешкімге сездірмеймін деген едім.
b)
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
c)
Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.
d)
Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.
e)
Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды.
Вопрос
4. / 25
Сұраулы сөйлемді көрсетіңдер.
a)
Теңгені құрметте
b)
Теңгені үнемдідім
c)
Теңгенің бағамы қандай
d)
Теңге үнемдеуді сүйеді ме
e)
Теңге-ұлттық валюта
Вопрос
5. / 25
Берілген сөйлемнің ішінен күрделі зат есімді табыңыз. Ата-анамның Семейге көшіп келуіне байланысты мені лицейге қабылдауыңызды сұраймын.
a)
байланысты
b)
Семей
c)
ата-анамның
d)
мені
e)
лицейге
Вопрос
6. / 25
Белгілі бір салада ғана қолданылатын сөздер – ...
a)
кәсіби сөздер
b)
тарихи сөздер
c)
ғылыми сөздер
d)
диалект сөздер
e)
термин сөздер
Вопрос
7. / 25
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
a)
–кер, - гер;
b)
–ың, - ің;
c)
–ның, - нің;
d)
–дың, - дің;
e)
–ны, - ні;
Вопрос
8. / 25
Қысаң дауыстылардың саны:
a)
5
b)
7
c)
10
d)
6
e)
8
Вопрос
9. / 25
Біріккен сөзді табыңыздар.
a)
әркім, әлдекім
b)
Қызылорда, Ақтөбе
c)
өнерпаз, суреткер
d)
кг, ТМД
e)
сөйтіп, ештеңе
Вопрос
10. / 25
Берілген сөйлемде етістік қандай қызмет атқарып тұр?
Бұл ауылға өнерлі жастар жиналды.
a)
Бастауыш
b)
толықтауыш
c)
Пысықтауыш
d)
Баяндауыш
e)
Анықтауыш
Вопрос
11. / 25
Неологизмді көрсетіңіздер.
a)
Жалпы
b)
Жалын
c)
оймақ
d)
кебеже
e)
Ғарышкер
Вопрос
12. / 25
Түбірлес сөзді табыңдар.
a)
құлыншақ, бота
b)
Біл, білім
c)
бұрыс, дұрыс
d)
зат, доп
e)
қалам, бақша
Вопрос
13. / 25
Термин сөздердi табыңыздар.
a)
пай-пай, қап
b)
бүгiн, кеше
c)
ғанибет, пәтер
d)
ұрпақ, мұғалiм
e)
кәсіпкерлік, кәсіпқой
Вопрос
14. / 25
Жіңішке сөзді көрсетіңіз.
a)
өсімтал
b)
жұмысшы
c)
нарық
d)
дәстүр
e)
өнерпаз
Вопрос
15. / 25
Дара сын есімді көрсетіңіз.
a)
әдемілеу
b)
әдемірек
c)
өте әдемі
d)
ақылды
e)
әп-әдемі
Вопрос
16. / 25
Синонимдерді табыңдар.
a)
Сұрақ, сауал
b)
Қызық, сызық
c)
Ақ, қара
d)
Биік, төмен
e)
Доп, футбол
Вопрос
17. / 25
Саны жетімен шектелетін сан есім түрін табыңыз.
a)
реттік сан есім
b)
жинақтық сан есім
c)
болжалдық сан есім
d)
бөлшектік сан есім
e)
есептік сан есім
Вопрос
18. / 25
Қысқарған сөздерді табыңыздар.
a)
ҚР, ТМД, журфак
b)
ата-ана, есепші
c)
баспахана, азды-көпті
d)
кеше келді, күндіз
e)
тасбақа, өндіріс
Вопрос
19. / 25
Сұрау есімдігін белгілеңдер.
a)
кімдер
b)
аналар
c)
олар
d)
мыналар
e)
біздер
Вопрос
20. / 25
Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
a)
барды
b)
барған
c)
барады
d)
барар
e)
бара жатыр
Вопрос
21. / 25
Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
a)
неше?
b)
не істеді?
c)
қандай?
d)
қайтті?
e)
кім? не?
Вопрос
22. / 25

Қос сөзді көрсетіңіздер.
a)
Анда-санда
b)
бәле құмар
c)
бейне жазба
d)
бәле жала
e)
бәйге ат
Вопрос
23. / 25
Жіктік жалғауының 1-жақ, көпше түрін белгілеңдер.
a)
Оқимыз
b)
қал
c)
айтсын
d)
танысыңыздар
e)
барыңыз
Вопрос
24. / 25
Ғылым мен техниканың әрбір саласына байланысты қолданылатын арнаулы сөзді табыңыздар.
a)
табиғат
b)
диалог
c)
саяхат
d)
сахна
e)
термин
Вопрос
25. / 25
- рақ, - рек, - ырақ, - ірек сын есімнің қандай шырайының жұрнағы екенін белгілеңіз.
a)
күшейтпелі
b)
жалпы
c)
жай
d)
салыстырмалы
e)
негізгі

Показать ответ
Ответ:
nazira15
nazira15
20.04.2020 19:53
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Математиканың негізгі ұғымы – сан ұғымының сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ашу, білу – ғылыми әдіснамалық үлкен өзекті мәселе.
Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт - санасы мен ата - бабасынан келе жатқан дәстүрін, қасиеттерін көрсету. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт - дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар, киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту мақсатында сандар әлемінің сан алуан сыры мен қызық құбылыстары аясында материал жинақтау.

Cан ұғымы математиканың ең басты ұғымдарының бірі. Сондықтан мектеп бітірген оқушылардың математикадан білімдерін тереңдету мақсатын көздеп, үйірме жұмыстарында сан ұғымынан толық мәлімет берген жөн. Осы тақырып көлемінде ұйымдастырылатын математикалық жаттығуларды оқушылар қызыға орындайды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы олардың математикадан білім деңгейін көтеруге болады.
«Сандар сыры» атты жобада бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиеті салмақталып, өзіне тән ерекшелігі сараланып, орнына, маңызына сай қолданылды. Әр санда өзіндік кие болатыны, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болатыны көрсетілді.

Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятады, пәндік білімін тереңдетеді, оқушылардың ақыл - ойын кеңейтіп логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады.
«Сандар сыры» атты жобада бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралап, орнына, маңызына сай қолданылды. Әр санда өзіндік кие болатыны, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болатыны көрсетілді.
Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятады, пәндік білімін тереңдетеді, оқушылардың ақыл - ойын кеңейтіп логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
vlad2380
vlad2380
17.09.2021 08:41
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт Ата туралы аңыз Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота