Мәдениет Әлеумет Мұрағат Жоба туралы Популярные посты блогера Қыз ұзату. Кеше, бүгін 106117 8 47 Сүйікті тағамдарды бірге дайындаймыз. I бөлім. Тағамдар жасау 86069 40 149 Жексенбілік аспаздық: үй торты 83171 11 128 Жексенбілік дастархан: тез пісірілетін пицца. Пицца рецепт қазақша 62755 13 74 Мерекелік салат 46895 15 41 Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар 41197 4 45 Құрақ көрпелер көрмесі 40113 17 46 Тікелей эфир Балнур Айдарова 14 ақп. / 15:57 Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы sybanzhanova 19 қаң. / 13:37 Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу Нурбек Мусиров 6 шіл. / 5:38 Гастаға бұлшық ет өсіруге көмектескен 8 дерек Мадина Раисова 25 мау. / 1:27 Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу Амангул Елдоскызы 4 мам. / 10:35 Педиатр мамандығы: нәрестенің денсаулығын қалай сақтауға болады? Нуркен Рыстанбеков 28 сәу. / 13:37 Outfit of the day. Эксперимент. Мади Магауияулы 21 сәу. / 18:26 Гастаға бұлшық ет өсіруге көмектескен 8 дерек Мадина Стамкулова 21 сәу. / 7:57 Қыста ішуге пайдалы 9 ыстық сусын Загира Мусаева 20 сәу. / 18:20 Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жатақханасына фото шолу Кенжегүл Халыхбай 13 сәу. / 0:28 Шетелде білім алу: İstanbul Üniversitesi Әлеумет Мен жазушы болсам...
Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.