1. Білімді ұрпақ- еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, оңтайлы әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті азамат тәрбиелеу. Сондай-ақ, білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман.
2. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз.
3. Ел сенімін, үмітін ақтау, еліміздің ертеңі – жастардың қолында.
4. Еліміздің дамуы үшін жас ұрпақ білімді, тәрбиелі, ержүрек, намысты, көп тіл білетін, тек қана алға ұмтылатын адам болуы керек деп ойлаймын.
5. Біз Егеменді еліміздің ертеңіміз. Еліміз тәрбиелі, білімді, білікті, ержүрек , намысты жастардың қолында болған кезде біздің ел дамыған, керемет ел болатынына сенімім мол.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Бүгін біз сіздерге осы тақырыпта жас оқырмандарымыздың сайтымызға жолдаған шығармаларын ұсынамыз. Ғаламтордағы мәліметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты.
Бұл – біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді. Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Осы соғысқа анамның атасы, менің атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы шақырылыпты. Оларды Петропавл қаласынан таң ата батысқа қарай алып жөнеліпті. Эшелон тоқтаған әрбір станция бұларға жергілікті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде атамдар бірден ұрысқа кіріскен. Ұлы атам қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмапты. Біз мұны атамның соғыс кезінде жазған күнделігінен оқыдық. Күнделік атамның қызында сақталған екен. Мен атаммен мақтанамын!