В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
fur5
fur5
16.11.2020 04:31 •  Қазақ тiлi

Орфографиялық сөздіктен бөлек жазылатын 10-15 сөз теріп алып,сөйлем құрастырындар.

Показать ответ
Ответ:
Chernaya4
Chernaya4
16.08.2020 23:22

Орфографиялық сөздік.

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

§ 20. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.

§ 21. Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажырататын белгілерін білдірсе, олар бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді.

Мысалы: ағаш күрек, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.

Ескерту. Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттыңатауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық,шайқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шыға- беріс, қолайна,қолара т.б.

§ 22. Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлекжазылады.

Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел.

§ 23. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады:

Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.

§ 24. Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады.

Мысалы: қызмет ету, жұмыс қылу,жәрдем ету, шап ету, лап қою, мән беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.

§ 25. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады.

Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.

Ескерту. а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі -ты, (-ті,ды,-ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе -па (-пе, -ба, -бе) қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады (олар сөздікте көрсетілді).

Мысалы: алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (қуанышты хабар),жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу), бау- кеспе (ұры);

ә) о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік,атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады.

Мысалы: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі (бұлар емле сөздіктерінде көрсетіледі);

б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады, мысалы: ержүрек, ержүректік, ақниет, ақниеттік, дүниеқоңыз,дүниеқоңыздық, дүниеқоңыздану, ақкөңіл, ақкөңілдік, жанпида, жанпидалық,алақол, алақолдық т.б.

Сөйлем құрастыру.

1. Өткен жексенбіде Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтті.

2. Жуырда Мәдениет Министрлігі осы жылы өткізілетін ауқымды мәдени іс – шаралар жоспарын белгілеген болатын.

3. Қазақ халқы қашанда қыз баланы «қонақ» деп қадірлеген.

4. Осы апта бойы аспанды ала бұлт торлап, күн жаңбырдан ашылмай қойды.

5. Біз - жиырма бірінші ғасырдың жастары болашақта бәсекеге барынша қабілетті болып, Қазақстанымыздың гүлденуіне өз септігімізді тигіземіз.

6. Менің ағам мың тоғыз жүз сенсен тоғызыншы жылы Отан алдындағы борышын бұрынғы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өтеген болатын.

7. Менің әпкем шетелдік компанияда қызмет етеді.

8. Концерт басталысымен, әнші сахнаға шыға бергенде көрермендер қол шапалақтап, ықыластарын білдірді.

9. Кішкене інім бөлмеде өзі ойнап отырып баж ете түсті.

10. Отбасылық жағдайларға байланысты Саят бұл ұсыныстан бас тартты.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота