Орфографиялық және пунктуациялық ережелердің емлесін сақтап, қатесіз жаз. [5] Кіші азиядағы шағын қалалардың бірі галикарнастың әкімі патша карий мавсол б з д 351 жылы дүние салады патша мұрагерлері жер жерлерден әйгілі құрылысшы қолөнершілерді шақыртып патшаның зиратын тұрғызады кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған кесене екі қабаттан тұрады биіктігі 40 45 метр ол тек биіктігімен емес грек еліне белгілі скопас леохар бриансид тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді.
ТЖБ
Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария(ға) немесе бала(ның) атасына, әжесі(не) немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман(да) балаларға көз тию(ден) немесе жын-шайтан(нан) сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар(на) байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер. таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық(тың) әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.