Орындалған арман Х
Өткен шақ
108
• Тыңдалған мәтінге пікір білдіремін.
- Етістікті өткен шақта қолдана аламын.
18. Мәтінді тыңда.
Ақиқатқа айналған арман
Біздің бала кезімізде екінің бірі ғарышкер болуды ар-
мандайтын. Жұлдыздарды жақыннан көріп, сол кезде бей-
мәлім көрінген әлемге сапар шегу көпшіліктің тілегі
еді. Олардың арасында мен де бармын. Бірде әкем маған
аспан әлемінің құпияға толы сырлары туралы жан-жақ-
ты әңгімелеп, артынша Ай, түрлі жұлдыздар, жалпы
ғаламшардың суреттерін көрсетті. Сол кезде көңілімде
Оянған қызығушылығымды сөзбен жеткізу қиын. Сонда
өзіме «Өскенде қалай да ғарышкер боламын!» деп мақсат
83
Көне Иранда палуан (палван, пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен мағыналас. Шығыс елдерінде орта ғасырларда балуандар соғыс кезінде басы металдан кұйылған ауыр шоқпар күрзімен қаруланып, әскери қосындардың «күрзішілер» бөліктерін құраған. Күрес өнерімен айналысатын, ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесін қазақтар «балуан» деп атайды.
Балуандықпен айналысатын адам ұлттық күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгеріп, күшін жетілдіру үшін ауыр салмақты заттарды көтеріп жаттыққан. Балуандар күрес сайыстарына өз руларының атынан шығып, руының намысы үшін күрескен. Жеңістерге жетіп, елінің атын шығарған балуандардың есімі бүкіл халыққатанымал болып, ел құрметіне бөленген. Балуандар базар, жәрмеңкелерде, ойын алаңдарында жұрт алдында ауыр заттарды, кірдің тастарын көтеріп те өнер көрсеткен [1].
Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионы атанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.
Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата- бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған
Ескі заманның шырмауында қалған қазақтың көзін осындай қазақ қыздарының алдыға суырылып шығып, өз теңдігін сұрауы ашқандай болады. Алайда бұл шығармада тек қана ата ана қарсылығы емес, сонымен қатар қызды адам емес тауар ретінде көретін, оны қалыңмалға айырбастайтын ашкөз, сараң адамдардың бейнесі де ашылады. Мысалға, туған әкесінің билік үшін қызының өмірін күлге айналдыруы; оның сезімдерімен санаспай, бірін бірі жаралған қос ғашықты айырулы мен опасыздыққа жатқызар едім.
Менің ойымша, Міржақып Дулатов өз туындысында Жамал қыздың тағдыры арқылы, тар заманның шынайы бет бейнесін, халықтың сол кездегі жағдайының бәрін ашып көрсеткендей. Себебі, романда Сәрсенбай мен Жамал арасындағы, юай мен кедей деп бөлінген таптық өкілдердің арасында қарама қайшылықтар мен адамдардыңрузани жағынан емес, байлығына қарап бөлінуі, адами қасиеттерді бағаламауы шынайы көрсетіледі. Сонымен қатар, заманының кесірінен өзгерген әке мінезі осыған дәлел болады. Міржақып оны басында; « Момын, мал баққан кісі» деп суреттесе, бірте бірте ол да байлықтың буына масайрап, тіпті өз қызын табан астына салып, тағдырының күл талқанын шығарған еді.
Қорыта келе, халқының халі үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер М.Дулатовтың романында сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен салт санасы бір адамның тағдырымен байланыс тапқандай. Жамал қыздың басынан өткен оқиғалары арқылы біз, қазақтың сол кездегі рухани өсу жолы мен кері кеткен замана шындығын анық тани білдік.