В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
parenvpolotencp00o5i
parenvpolotencp00o5i
29.04.2021 21:06 •  Қазақ тiлi

Қостанай Таңы — Қостанай облысының мемлекеттік тілде ақпарат тарататын жалғыз газеті. Алғашқы саны 1922 жылы 25 маусымда “Ауыл” деген атпен шықты. Аптасына 3 рет жарияланады. Қазіргі күні "Сөз әлемі", "Ой-отау", "Тылсым" жобалары жақсы танылған.
Қостанай таңы - аймақтық әлеуметтік-саяси басылым. Қазақстан мемлекетінде Қостанай қаласында шығарылады. Облыстың барлық ауданында тарайды.
Газеттiң алғашқы саны 1922 жылы 25 маусымда «Ауыл» деген атпен шықты. Ол Қостанай губерниялық комитетiнiң органы болды. Басылымды ұйымдастырып, оның алғашқы нөмiрiнiң жарық көруiне қазақтың тұңғыш кәсiби журналистерiнiң бiрi Мұхамеджан Сералин мен қазақ әдебиетiнiң қас шеберi Бейiмбет Майлин ерекше үлес қосты. Заманның ағымына қарай газет атауы да сан рет өзгердi. Ол бiрде «Социалды ауыл» (1931-36ж.), бiрде «Большевиктiк жол» (1936-53ж.), бiрде «Коммунизм жолы» (1953-63ж.), бiрде «Коммунизм таңы» (1966-91ж.) атанды. Ал 1991 жылдан бастап бүгiнгi «Қостанай таңы» деген атпен жарық көрiп келедi. Газет өзiнiң 100 жылға жуық тарихында халқының мұңын мұңдады, жоғын жоқтады, туған өлкенiң шежiресiн жазды. Басылымға әр жылдары басшылық жасаған Тумыш Сарходжаев, Зиябек Рүстемов, Қайыржан Бекқожин, Беген Байсақалов, Сапаржан Хайдаров, Сейiт Әбдiбеков, Бақытжан Жангисин, Сержан Үсенов, Салық Молдахметов, Бақытжан Нұрмұхамедов сияқты көрнектi журналистер болды. Олар дүниеден өтсе де, олардың iсiн редакциядағы бүгiнгi iнi-қарындастары лайықты жалғастырып келедi. Бұл басылымда Сәлім Меңдібай, Дамир Әбіш, Ермекбай Хасеновтар көп жылдар табысты еңбек етіп, зейнетке шықты. Бүгінде Жұматай Кәкімжанов, Мнауара Қабдырахметова, Қуаныш Есқабыл, Нұрқанат Құлабаев, Әлібек Ыбырай, Қыдырбек Қиысхан,Қарлығаш Оспанова, Шұға Қоңқабай, Айтолқын Айқадамова, Бердіболат Ғабдуллин, Жандос Жүсіпбек, Қасқырбай Қойшыманов сынды өңірге танымал журналистер қызмет жасайды.
Басылымның ақпараттық кеңiстiкте өз орны бар, оның әр жылдарғы қызметi Еңбек Қызыл Ту орденiмен, Бүкiлодақтық халық шаруашылығы жетiстiктерi көрмесiнiң II дәрежелi дипломымен (екi мәрте), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет грамотасымен, Сорос-Қазақстан қорының сыйлығымен аталып өткен​

Показать ответ
Ответ:
ssnz344
ssnz344
01.01.2021 06:13

1)Қостанай таңы газетінің ең алғашқы саны қай жылы және қандай атпен шықты?

2)Қостанай таңы басылымы осы күнге дейін қандай марапаттарға ие болған?

3)Қазіргі күні Қостанай таңы басылымында қызмет атқаратын қандай журналистерді білесің?

4)Газет атауы 1991 жылға дейін қандай атаулармен басылып келген?

5) Бейімбет Майлин мен Мұхамеджан Сералин басылымның шығуына қандай үлес қосқан?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота